Алматы – Талғар – Бәйдібек би бағытындағы автожолдың белгілі бір бөлігінде жүріс бөлігі төрт жолаққа дейін кеңейтіледі.
Атап айтқанда, республикалық маңызы бар Алматы – Талғар – Бәйдібек би автожолының Алматы мен БАКАД аралығындағы 13–21 шақырымдық бөлігінде күрделі жөндеу жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Осыған байланысты жол бойындағы елді мекендерде ашық форматта қоғамдық тыңдаулар ұйымдастырылды.
«Жергілікті тұрғындардан келіп түскен көптеген өтініштерді ескере отырып, жобада жол жолағының екіден төртке дейін кеңейтілуі қарастырылды», – делінген ресми хабарламада.
Жобаның жүзеге асуы бұл бағыттағы көлік ағынын жеңілдетіп, жолдың өткізу мүмкіндігін арттыруға, сондай-ақ жол сапасын жақсартып, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге сеп болмақ.