Бұл конкурс – елімізде жобалық менеджменттің дамуына ықпал ететін кәсіби жарыс алаңы. Биыл Ұлттық конкурсқа қатысу үшін 200-ге жуық өтінім түскен.
Байқау аясында негізгі үш номинация бойынша жеңімпаздар анықталды:
«Жылдың үздік жобасы»,
«Жылдың үздік жоба менеджері»,
«Жылдың үздік жобалық кеңсесі».
Соның ішінде, Алматы облысының әкімдігі «Жергілікті атқарушы органдар» санаты «Жылдың үздік жобасы» номинациясы бойынша күміс жүлдеге ие болды.
Нақтырақ айтсақ, өңірлік құрылыс басқармасы байқауға Үштерек ауылына салынған 600 орындық мектептің жобасын ұсынған. Аталған оқу ошағы елді мекендегі үш ауысымды мектеп мәселесін шешу үшін салынған және заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.