«Сіз – асыл дініміздің қағидаларын ұстанып, өскелең ұрпаққа имандылық пен рухани құндылықтарды насихаттаушы тұлғасыз. Сіздің өмір жолыңыз – ұрпаққа үлгі, ұлағатты өнеге», – деді әкім кездесуде.
Өз кезегінде Жұмакүл әже аймақ басшысына алғысын білдіріп, ақ батасын берді.
Сонымен қатар, облыс әкімі Қаскелең қаласының тұрғыны, зейнеткер Сәлима Тлеубайқызы Бұлғақбаевамен кездесті. Өңір басшысы ардагер ананың өмірлік тәжірибесін ерекше атап өтіп, оның қазақ қоғамындағы маңызын айрықша бағалады.
«Сіз сияқты жандар – қазақ отбасының алтын қазығы, ұрпақтың тәрбиешісі. Еңбегіңіз бен өмірлік тәжірибеңіз – біз үшін баға жетпес қазына», – деді аймақ басшысы.
Кездесу барысында қарт ана ел дамуына үлес қосқан азаматтарға көрсетілген құрметке ризашылығын білдіріп, ақжарма тілегін жеткізді.