-11 °c
Qonaev
Сенбі, Қаңтар 28, 2023
  • Рус
Alataunews.kz
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Alataunews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

Алматы облысының әкімі Қонаев қаласының келешегі туралы айтып берді

Өңір басшысы бейсенбіде журналистермен кездесуде әкімшілік орталықты дамыту жоспарына тоқталды.

Ғалия Мұхамбетқызы
29.12.2022
Аймақ
Фото: Аслан Қажеке

Фото: Аслан Қажеке

WhatsAppTelegramFacebookTwitter

Қонаев келешекте ғылым мен білім, мәдениет, туризм және спорт орталығына айналады, деді Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев.

«Еліміздің ірі мегаполисі – Алматы қаласының орналасқан жерін ескере отырып, қала басшылығымен Алматы агломерациясын дамыту бойынша үйлесімді жұмыс жүргізіліп жатыр, оның логикалық жалғасы «G-4 City» спутниктік қаласы мен Қонаев қаласы болады», – деді әкім.

Болашақта «G4 City» екі миллион халқы бар, жылына 4 миллионнан астам туристердің ағыны болатын интеграцияланған қала болады. Мұнда арнайы экономикалық аймақ құру жоспарланып жатыр.

Қонаев қаласының дамуы туралы айта келе, әкім жаңа әкімшілік орталығы болатын шахардың бас жоспары әзірленіп жатқанын, ал Қонаевтың өзі келешекте Қазақстанның жоғары экологиялық, «ақылды» қалаларының бірі — ғылым мен білім, мәдениет, туризм және спорт орталығына айналатынын айтты.

Қазіргі уақытта мемлекеттік органдардың көшуі аяқталды, барлық ұйымдастырушылық мәселелер шешілді, деді өңір басшысы.

Облыс орталығының қажеттілігін ескере отырып, ғимараттар мен тұрғын үйлерді салу мәселелері жедел пысықталып жатыр. Мәселен, негізгі әкімшілік ғимараттар Қонаев қаласының қолданыстағы шекараларының аумағында орналасатын болады.

Ал қаланың жаңа бөлігінде әлеуметтік-тұрмыстық, мәдени, тұрғын үй, білім беру және рекреациялық мақсаттағы объектілердің құрылысы көзделген.

Қаланың сәулеттік келбеті театр, мұражай, кітапхана, жоғары оқу орындары, спорт кешендері, шығармашылық, сауда-ойын-сауық және бизнес орталықтары, гольф клубы, ботаникалық тәлімбақ, жағалау, теміржол вокзалы сияқты көрнекті нысандармен көркейеді.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Алматы қаласының ірі жоғары оқу орындары мен колледждерінің филиалдары шоғырланған Академиялық қалашық құрылатын болады. Бұл жастарды тартуға және халықаралық деңгейдегі білім беру инфрақұрылымын кеңейтуге мүмкіндік береді.

Түрлі саябақтар мен ашық кеңістіктер, табиғи ландшафттар жайластырылып, қала тұрғындарының отбасылық демалысы үшін сүйікті орындарына айналады, деп атап өтті әкім.

Тегтер: Алматы облысыБАҚБасты жаңалықтарҚонаев

Ұсынымдар

Фото: Аслан Қажеке

Марғұлан Сейсембаевтың Талғар ауданындағы жобасы неге іске аспай қалды? – Cұлтанғазиевтің пікірі

28.01.2023

Өткен тәулікте 59 адамнан коронавирус анықталды

28.01.2023

Риддерде әйел 2 жасар баласын балконнан құлатып алды

28.01.2023

Қазақстанда құбыжық бейнесіндегі ойыншық сатылымына шектеу қойылуы мүмкін

28.01.2023

Шымкентте бірнеше шенеунік қамауға алынды

28.01.2023

Балқаш ауданының дәнді дақылдар өнімін арттыруға ғалымдар араласатын болды

27.01.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz