Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысының әкімі «CPG International» компаниясымен меморандумға қол қойды

Өңірге алғаш рет келіп отырған сингапурлық компания өкілдеріне Марат Елеусізұлы қаланың 53 жылдық тарихы барын айтып, ендігі кезекте жаңа шаһардың құрылысына ден қою жоспарын жеткізді.

05.04.2023
Аймақ

1990 жылы құрылған компания өкілдерімен кездескен аймақ басшысы сәулет-құрылыс жобалау, сондай-ақ білім беру және денсаулық сақтау саласындағы жобаларды іске асыру үшін ынтымақтастықты арттыру мақсатында меморандумға қол қойды.

«Қонаев қаласы Алматы облысының орталығы. Өткен жылдың жаз айынан бері осы маңда қызмет атқарып келеміз. 1970 жылы салынған қаланың инфрақұрылымдық әлеуетін жақсарту қажет. Бүгінгі таңда облыс орталығының даму жоспары жасақталды. Бізде ең басты екі жоба бар. Олар: G4 City мен Қонаев қаласы», — деді облыс әкімі.

Сонымен қатар, Марат Сұлтанғазиев кездесудің өтуіне наурызда аймақ атынан Сингапурға сапар шеккен делегация жұмысының қорытындысы себеп болғанын айтты.

Ал, Қазақстанға алғаш рет келіп тұрған сингапурлықтар өз тараптарынан қандай үлес қосуға мүмкіндіктері барын айтты.

«CPG International» Азиядағы ең ірі инженерлік компаниялардың бірі. АҚШ, Ұлыбритания, Қытай, Үндістан және т.б. мемлекеттерді қоса алғанда, әлемнің 20-дан астам елінде филиалдарымыз бар. Компания әуежайлар, көпірлер, теміржолдар, туннельдер, сауда орталықтары сияқты азаматтық және өнеркәсіптік нысандарды жобалауға және салуға маманданған. Мысалы, халықаралық Вьетнамдағы «Дананг» әуежайы, «Тан Ток Сенг» ауруханасы және Сингапурдағы «Чанги» әуежайы біздің ықпалымызбен бой көтерген», — деді компанияның бас атқарушы директоры Винсент Ло.

Айта кетейік, «CPG International» кадрларды даярлаумен және дамытумен айналысады. Сондай-ақ бүкіл әлем бойынша бірнеше университеттер мен ғылыми институттардың серіктесі.

Өз кезегінде Марат Елеусізұлы облыстың айшықты әлеуетіне тоқталды.

«Облыс аграрлы аймақ болып табылады. Алайда, Алматы сынды алып қала мен жақын шет елдермен шекаралас орналасқандықтан логистика, тауар айналымын дамытуға қолайлы жер. Сондай-ақ, қандайда бір құрылыс жүргізу үшін жер жеткілікті. Мәселен, бір ғана G4 City құрылысына 111 мың га жер бөлінген еді. Сол себепті, біздің аймақта түрлі ұтымды жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік көп», — деді облыс басшысы.

Қос тарап өзара пікір алмасқан соң, алдағы озық жобаларды іске асыру мақсатында ынтымақтастық туралы меморандумына қол қойды.

Тегтер: CPG InternationalАлматы облысыҚонаев қаласымеморандум

Соңғы жаңалықтар

В Конаеве состоялось шоу дронов в поддержку референдума по проекту новой Конституции

Николай Иващенко
12.03.2026

В Конаеве проведена информационно-просветительская экологическая встреча на тему «Таза Қазақстан – таза болашақ кепілі!»

Николай Иващенко
12.03.2026

Президент рассказал, что непосредственно участвовал в подготовке текста Новой Конституции, уделяя внимание каждой ее главе и каждой статье

Николай Иващенко
12.03.2026

Своих не бросаем: Казахстан эвакуировал более 9 тыс. граждан из зоны ближневосточного конфликта

Николай Иващенко
12.03.2026

Проект Основного закона – яркий пример гуманного отношения к гражданам — Токаев

Николай Иващенко
12.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz