-6 °c
Qonaev
Сәрсенбі, Ақпан 1, 2023
  • Рус
Alataunews.kz
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Alataunews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

Алматы облысының әкімі кәсіпкерлікті дамыту үшін инвесторлармен кездесті

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев бірқатар инвесторлар тобымен кездесті.

Ақерке Жұмағазықызы
02.12.2022
Аймақ
WhatsAppTelegramFacebookTwitter

Кезекті басқосуда үш түрлі жоба талқыға түсті. Олардың бірі – «Исткомтранс» ЖШС. Бұл серіктестік вагондарды жалға беріп, жүктер тасымалдауды ұйымдастырумен айналысады. Мультимодальды және контейнерлік тасымалдау жұмысын жүзеге асырып, кәсіпорындардың ішкі логистикалық жүйесін басқарады.

Аталған серіктестіктің бас директоры Алмас Абайдельдиновтың айтуынша, бұл компания Алматы қаласы маңында орналасқан Іле ауданына қарасты Жетіген стансасы аумағында «құрғақ порттың» жұмыс тәртібі бойынша көліктік-логистикалық орталық салуды жоспарлап отыр. Жобаның алғашқы кезеңі 2023 жылы басталып, аяқталуы 2025-2026 жылдарға жоспарланған.

Ал «OTAU City+» компания тобы – халықаралық бизнес-әріптестік қауымдастығының мүшесі және Қазақстандағы «Дон Строй технологиясы» компаниясының серіктес өкілі. Компания Cotazink және жеңіл монолит технологиялары бойынша инновациялық жеңіл болат жұқа қабырғалы конструкцияларды пайдалана отырып, Қазақстанда жылдам салынатын денсаулық сақтау, білім беру және спорт нысандарының құрылысын ұсынады.

Жоба ұйымдастырушысы Қуаныш Байдәулетұлы компания мақсаты «ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» және «жайлы мектеп» сияқты ұлттық жобалардың негізгі бағыты бойынша нысандарды қамтып, «5 әлеуметтік бастама» шеңберінде студенттік жатақханалар салу екенін айтты.

«Қолжетімді спорт» бағдарламасы шеңберінде спорттық бұқаралық құрылыстарды жүргізіп, «күшті өңірлер – елді дамытудың драйвері» ұлттық жобасы шеңберінде моноқалалардың тұрғын үйлері мен инфрақұрылым нысандар саламыз», – деді Қуаныш Байдәулетұлы.

«IML Overseas warehouse (Kazakhstan) CO. LTD» компаниясының негізін қалаушы Қойшы Елмұрат болса қойма логистикалық кешен құрылысының жобасын таныстырды.

«Алматы облысы біз ұсынған жобаны жүзеге асыруға тиімді аймақ және бірлескен проект негізінде халық жұмыспен қамтылады. Ол үшін мемлекеттік қолдау қажет, яғни дәл қазір бізге керегі – жер мәселесінің шешілуі», – деді серіктестік басшысы.

Өз кезегінде облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев жобаны іске асыруға Ақсеңгір стансасын ұсынып, қажетті жағдай жасауға көмек көрсетілетінін назарға алып, салаға жауапты қызметкерлерге тапсырма берді.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Алматы облысының әкімдігі (@almobl_akimat)

Тегтер: инвестиция

Ұсынымдар

Түрмеге нанның арасына телефон жасырып өткізбек болған әйелдің әрекеті әшкере болды

01.02.2023

Алматы облысында «Қазақ» газетінің 110 жылдығына орай кеңес өтті

01.02.2023

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев тұрғындарды қабылдады

01.02.2023
Фото: Аслан Қажеке

«Көлсай көлдері» ұлттық паркінің аумағында Нидерланды технологиясы енгізілмекші

01.02.2023

Алматы облысында апатты жағдайдағы су қоймалары жоқ – ТЖД

01.02.2023

«Subaru» автокөлігі Қапшағайда мұз астына түсіп кетті

01.02.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz