1 °c
Qonaev
Жексенбі, Ақпан 5, 2023
  • Рус
Alataunews.kz
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Alataunews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

Алматы облысының әкімі қытайлық инвесторлармен кездесті

Еңбекшіқазақ ауданында өткен жылдан бері «Жетісу вольфрамы» ЖШС-не қарасты зауыт құрылысы жүріп жатыр. Бүгін облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев аталған серіктестіктің қытайлық инвесторы «Jiangxi Copper Company Limited» компаниясының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

Ақерке Жұмағазықызы
29.09.2022
Аймақ
Фото: Alataunews.kz/Аслан Қажеке

Фото: Alataunews.kz/Аслан Қажеке

WhatsAppTelegramFacebookTwitter

Жиын барысында зауыттың ары қарайғы құрылысы мен даму жобасы талқыланды. Қытайлық компанияның директорлар кеңесінің Вице-төрағасы Лю Фань Юн кәсіпорынның жалпы бағыт-бағдарын таныстырды.

«Біздің компания – Қытайдағы ірі түсті металл компаниясының бірі. 1979 жылы іргесі құрылды. 2008 жылдан бастап әлемдік биржаға шықтық. «Jiangxi»-дің (Джианхи) құрамында түрлі қызметпен айналысатын (барлау, зерттеу, металлургия, өңдеу, терең өңдеу) 100-ден астам бағынышты компаниялар бар. Әлемдік деңгейде 176 орындамыз, ал Қытайдың өзінде 56-сапта келе жатырмыз. Джианхидің мақсаттарын атап өтсем: экологияны сақтау, қоғамға пайдалы болу, адам мен табиғат үндестігін қалыпта ұстау», – деді компания төрағасы.

Фото: Alataunews.kz/Аслан Қажеке

Лю Фань Юннің мәліметінше, компанияның тағы бір мақсаты – әлемдегі жетекші кәсіпорынның бірі болу. Осы мақсатқа жету жолында Алматы облысындағы «Бұғыты» жобасының маңызы зор.

«Келесі жылы тамызда өндіріске көшуді де мақсат етіп отырмыз. Осыған байланысты Қытайдан жұмысшыларды әкелу мәселесі алға шықты. Сіздерден осы мәселені шешіп берулеріңізді сұраймыз», – деді өңір әкіміне өтініш жасаған төраға орынбасары.

Жиналысқа қатысқан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы бұл өтінішке бірден жауап берді.

Фото: Alataunews.kz/Аслан Қажеке

«Шетелдік мамандардың Қазақстанға жұмысқа келуі туралы арнайы заң бар. Бұл заң шеңберінде мамандар түрлі санаттарға бөлінеді. Оның ішінде, І және ІІ санаттағы қызметкерлерге – директорлар, техниктер, ғалымдар секілді жауапты мамандар кіреді. Бұлар барлық жұмыс күшінің 30 пайызын құрауға рұқсат етілген. Ал қатардағы жұмысшылардың 10 пайызы ғана Қазақстанда жұмыс істеуіне болады. Сіздер атаған өтініш еліміздің «е-өтініш» бағдарламасы арқылы өз шешімін табады», – деді басқарма басшысы Айгүл Ахметова.

Тегтер: инвесторҚытай

Ұсынымдар

«Петропавл-Алматы» бағытындағы пойыз вагонынан өрт шықты

04.02.2023

Алматы облысында тапшы мамандардың тізімі жасалуы керек – министр Саясат Нұрбек

04.02.2023

Алматы облысының хирургтары ер адамның асқазанынан қасық алып шықты

04.02.2023

Қызылту ауылында бір топ барымташылар ұсталды

04.02.2023

Қапшағайда балықтарға оттегі баруы үшін 100-ге жуық ойық ойылды

04.02.2023

Жетісу облысының бірнеше сот ғимаратына бомба қойылды – фейк

04.02.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz