Ұлттық жобаны іске асыру жөніндегі өңірлік үйлестіруші – Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы.
Осы жылдың қыркүйек айында БАҚ-та конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланды, өтінімдерді қабылдау 2022 жылғы 21-25 қараша аралығында жүзеге асырылды, 1141 өтінім келіп түсті, 712 өтінім қарауға қабылданды, 429 өтінім қабылданбады.
2 желтоқсаннан бастап жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін гранттар беруге үміткер кәсіпкерлердің өтінімдерін іріктеу жөніндегі конкурстық комиссияның отырыстары басталды. Барлық өтініш берушілер тыңдалғаннан кейін одан әрі қаржыландыруға арналған жобалар анықталады.