Жалпы грант сомасы шамамен 320 миллион теңгені құрайды. Сонымен қатар, Малайзиядағы Xiamen University Malaysia оқу орны да оны толық грантпен қабылдаған.
Болашақ студент білімге деген ынтасы мен қажырлы еңбегінің арқасында University of Miami, Elmhurst, Caldwell, Augustana, UNO, FIU және басқа да жоғары оқу орындарынан шақырту алған.
IELTS нәтижесі – 7.0, ал SAT көрсеткіші – 1420 балл (математикадан – 780/800). Қазіргі уақытта ол Назарбаев Университетінен ресми жауап күтуде.
Сақийдулла Алмат – «Алтын белгі» үміткері. Оның бұл жетістігі – жастардың әлеуетіне деген сенімді арттыратын жарқын үлгі.