5 бағыт бойынша бақ сынаған 50 қатысушының ішінде Іле ауданының оқушысы топ жарды.
«Барады әр дүние әнге айналып» аталымында Нұрбақыт Жұмажан әуезді ән шырқап, жиналған жұртты баурап алды.
Жарысқа не бәрі бір күн қалғанда дайындалған дарынның таланты қазылар алқасын мойындатқан.
Сахнаның саңлағы, таланттар тартысында қазылық еткен Гүлнар Сиқымбаеваның өзі де оң бағасын берген.
Нәтижесінде, ақынның сөзіне жазылған «Сағыныш» әнін жүректен жүрекке жеткізіп, бірінші орынға табан тіреді.
«Мен жарысқа бір күн қалғанда музыкасын өңдедім. Уақыт тығыз болғанымен ойымдағыдай орындап шықтым. Қарағанды облысынан келген қарсыласым да осал болмады. Бірақ, сахна мәдениеті мен орындау шеберлігім арқылы басым түстім», – дейді байқау жеңімпазы.
Нұрбақыт, әннен бөлек спортқа да жаны жақын. Сонымен қатар, сабақ үлгеріміде жақсы. Өзінің айтуынша, тарих пәнін жаны сүйеді. Басты мақсаты келешекте, елінің игілігі үшін қызмет ету.