Осылайша, спортшы джиу-джитсудан 8 дүркін әлем чемпионы атанды. 48 салмақ категориясы бойынша сынға түскен спортшы Өзбекстан, Ресей, Тайланд, БАӘ елдерінен келген қарсыластарын жеңді.
«Джиу-джитсудан әлем чемпионаты елімізде алғаш рет өткізіліп отыр. Халқымның алдында өнер көрсету оңай болмады. Қатты қобалжығаным рас. Алтын иеленіп, маған сенген жұртымның үмітін ақтағаныма қуаныштымын», – деді жеңістен кейін Жібек Құлымбетова.
Жалпы, халықаралық шараға 42 мемлекеттен 1000-нан аса спортшы қатысты.
Айта кетерлігі, Жібек Алматы облысына қарасты Іле ауданының тумасы. 9 жастан бері спортпен кәсіби түрде айналысады. Бүгінде ҚР спорт шебері, Б. Момышұлы атындағы «Намыс» төсбелгісі мен «Дара бала» медалінің иегері. Талай халықаралық додалар жеңімпазы.