Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы қаласының алдағы 17 жылға арналған Бас жоспары бекітіледі

Ел Үкіметі Алматы қаласының 2040 жылға дейінгі Бас жоспарының жобасын бекітуі мүмкін. Тиісті құжат «Ашық» НҚА порталында жарияланды.

28.03.2023
Аймақ

Бас жоспарға сай, қаланың келешек әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтары ретінде мына бағыттар көрсетілген:

— адами капиталды дамыту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру;

— әлеуметтік, инженерлік-көлік инфрақұрылымын дамыту;

— экономиканы жаңғырту және әртараптандыру;

— қаланың теңгерімді дамуы.

Құжатта жазылғандай, қазір қаланың тұрғын үй қоры — 45 707,3 мың шаршы метр. Яғни, бір тұрғынға шаққанда шаһар тұрғындарының орташа қамтамасыз етілуі 23,8 шаршы метрге тең. Енді Бас жоспар аясында бұл көрсеткішті әр адамға есептегенде 28,6 шаршы метрге жеткізу көзделген.

Сонымен бірге, Бас жоспар келесі құжаттарды әзірлеуде міндетті түрде басшылыққа алынуы тиіс:

1) қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді бағдарламалары;

2) электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және басқа да инженерлік жүйелерді дамытудың кешенді схемалары;

3) қаланың кешенді көлік схемасы;

4) бекітілген Бас жоспарды іске асыру бойынша қала аумағын егжей-тегжейлі жоспарлау және салу жобалары;

5) қысқа мерзімді кезеңдерге арналған кешенді құрылыс салу жоспарлары;

6) тұрғын үй, өндірістік және коммуналдық-қойма аумақтарын реконструкциялау және дамыту бағдарламалары;

7) тарихи құрылыс пен тарихи және мәдени мұра объектілерін сақтау және жөндеу жоспарлары;

8) рекреациялық аймақтар аумақтарын дамыту және көгалдандыру бағдарламалары;

9) қоғамдық кеңістіктерді кешенді абаттандыру және қайта құру жоспарлары;

10) қаланы салу ережесі.

Қазір Алматыда жалпы білім беретін мекемелердегі орын саны — 286 810. Ал, Бас жоспарды іске асыру шеңберінде бұл межені 480 000 орынға дейін ұлғайту жоспарлануда.

Ал ауруханалардағы төсек орындардың көлемін 11 495-тен 23 400-ге дейін ұлғайту қарастырылған.

Бұған қоса, Бас жоспарда химия, машина жасау, тамақ және фармацевтика өнеркәсібі кәсіпорындары орналасатын жаңа индустриялық аймақ құрылатыны жазылған.

Құжат 10 сәуірге дейін көпшілік талқылауда болады.

Тегтер: алматыбас жоспар

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында мемлекеттік қызметшілерге арналған «Журналист – жау емес» атты оқу тренингі өтті

Мөлдір Иманмади
03.03.2026

СІМ мәлімдемесі: алғашқы эвакуациялық автобустар Дубайдан жолға шықты

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында су тасқыны қаупі орташа: дайындық күшейтілді

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында референдумға дайындық: есептен шығару куәлігін қалай алуға болады?

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Қазақстанда «Стрептоцид» дәрісі айналымнан алынды

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz