-6 °c
Qonaev
Сәрсенбі, Ақпан 1, 2023
  • Рус
Alataunews.kz
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Alataunews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

Алматыда мешітте ұрлық жасағандар ұсталды

Алматыда мешітте ұрлық жасады деген күдікпен 2 ер адам ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.

Назым Текеспаева
26.12.2022
Аймақ
Фото: Polisia.kz

Фото: Polisia.kz

WhatsAppTelegramFacebookTwitter

Бостандық ауданында полицейлер мешітте жасалған 7 ұрлықтың бетін ашты.

Аудандық полиция басқармасының басшысы Мақсат Қанапяевтың айтуынша, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 29-34 жастағы күдіктілер ұсталған. Олар еш жерде жұмыс істемеген.

«К. атты күдіктінің 5 қылмысқа қатысы бары дәлелденді. Оның «әріптесі», Е. атты азамат 2 рет ұрлық жасаған. Олар қаладағы ірі мешітте бірнеше рет заңға қайшы әрекетке барған», – деді полиция басшысы.

Зардап шеккендердің айтуынша, олар мешітте намаз оқыған кезде телефондарын аяғының астына қойған. Мұны ұрылар сәтті пайдаланған.

«Жәбірленушілер тек намаздан кейін ұялы телефондарының жоғалғанын байқаған. Ұсталғандар ұрлыққа қатысы барын жоққа шығармайды. Олар өз кінәларын мойындап, істеген істеріне өкініп отыр», – деді Мақсат Қанапяев.

Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 88-бабы бойынша тіркелді. Күдіктілердің басқа қылмыстырға қатысының бар-жоғы анықталып жатыр.

Тегтер: алматымешітұрлық

Ұсынымдар

Түрмеге нанның арасына телефон жасырып өткізбек болған әйелдің әрекеті әшкере болды

01.02.2023

Алматы облысында «Қазақ» газетінің 110 жылдығына орай кеңес өтті

01.02.2023

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев тұрғындарды қабылдады

01.02.2023
Фото: Аслан Қажеке

«Көлсай көлдері» ұлттық паркінің аумағында Нидерланды технологиясы енгізілмекші

01.02.2023

Алматы облысында апатты жағдайдағы су қоймалары жоқ – ТЖД

01.02.2023

«Subaru» автокөлігі Қапшағайда мұз астына түсіп кетті

01.02.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz