Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматыда Рамазан айында қандай іс-шаралар өтеді

Биыл Рамазан айы 23 наурызда басталып, 21 сәуірде аяқталады.

20.03.2023
Аймақ

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар алаңында Алматы қаласының бас имамы Төлеби Қажы Оспан мәлімдеді.

«Баршаңызды күллі мұсылман қауымы асыға күткен қасиетті Рамазан айының келуімен шын жүректен құттықтаймын! 14 наурыз күні елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы БАҚ өкілдерінің қатысуымен баспасөз мәслихатын өткізді. Биыл Рамазан айы 23 наурызда басталып, 21 сәуірде аяқталатынын естеріңізге салғымыз келеді. Сәуірдің 17-нен 18-не қараған түн – Қадір түні. 21 сәуір – Ораза айт мерекесі», — деп хабарлады ол.

Биыл пітір садақа мөлшері 535 теңге болып бекітілді.

Сондай-ақ имам алматылық кәсіпкерлерді еліміздің Бас мүфтиінің әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен азық-түлік бағасын мүмкіндігінше 10 пайызға дейін төмендету туралы үндеуін қолдауға шақырды.

«Осы сәтті пайдаланып, барша қауымға қасиетті Рамазан айында арақ-шарап ішілмесе және дүкендерде сатылмаса, мүмкіндігінше құдайы астар кешкі ауызашар уақытында өткізілсе деген тілегімізді жеткіземін», — деп толықтырды ол.

Сонымен бірге, Алматыда қасиетті Рамазан айын атап өтудің жоспары бекітілгені белгілі болды.

Биыл қаладағы 54 мешіттің 50-інде тарауих намазында құран хатым түсіріледі. Қалған 4 мешітте, атап айтсақ: Медеу ауданы «Исмихан» мешіті, Наурызбай ауданы «Күлиза ана» мешіті, Түрксіб ауданы «Макка» мешіті, Түрксіб ауданы «Ар-Рахим» мешітінде тарауих намазы құран хатымсыз оқылады.

Алматы орталық мешітінде «Рамазан шатыры» құрылып, күнделікті 500 кісіге ауызашар дастарханы жайылмақ. Сондай-ақ, қала мешіттерінде де ауызашар беріледі.

Биылғы жылды ҚМДБ «Ислам және Ізгі қоғам» жылы деп жариялағандықтан, Ораза айында «Рамазан – ізгілік айы» аясында түрлі шаралар: кездесу, семинар, дөңгелек үстел, сұхбат, уағыз-насихат, қайырымдылық, т.б. ұйымдастырылмақ. Сондай-ақ, Алматы тұрғындары арасында «Жарапазан-Party» байқауы өтеді.

Тегтер: алматыБасты жаңалықтаріс-шараРамазан

Соңғы жаңалықтар

Студенты Алматинской области голосуют за будущее

Николай Иващенко
04.03.2026

Как идет профилактика и борьба с коррупцией в системе санитарно-эпидемиологического контроля в Алматинской области за 2025 год

Николай Иващенко
03.03.2026

Предприниматели Алматинской области креативно подошли к агитации по предстоящему референдуму

Николай Иващенко
02.03.2026

Как найти свой избирательный участок в Алматинской области на референдум

Николай Иващенко
02.03.2026

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz