Мәңгілік алау басында өткен салтанатты рәсімде ҰҚК Шекара қызметінің Алматы облысы бойынша департаменті эстафета капсуласын Жетісу облысынан қабылдап алды.
Іс-шара Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алумен басталды. Қатысушылар Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойып, Брест қорғанынан бастау алған капсулаға құрмет көрсетті.
Салтанатты жиында Алматы облысы бойынша Шекара басқармасының бастығы, полковник А. Каюпов, Шекара қызметінің ардагері, генерал-майор Н. Алдаев және «Жас шекарашы» әскери-патриоттық клубының өкілі А. Серік сөз сөйледі.
Шара соңы ҰҚК Шекара қызметінің ән-би ансамблінің отаншылдық рухты көтеретін концерттік бағдарламасымен жалғасты. Эстафета капсуласы енді Жамбыл облысына жол тартты.