-6 °c
Qonaev
Сәрсенбі, Ақпан 1, 2023
  • Рус
Alataunews.kz
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Alataunews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

Алматыда Жаңа жыл қалай тойланады

Алматы әкімдігі Жаңа жыл мерекесіне орай қалада өтетін іс-шаралар анонсын ұсынды.

Айжан Умбеткали
29.12.2022
Аймақ
WhatsAppTelegramFacebookTwitter

Атап айтқанда, 20 желтоқсаннан 5 қаңтарға дейін Республика Сарайының аумағында жаңа жылдық фестиваль өтеді.

Фестиваль аясында Абай алаңында 26 кіші сәулет пішіндер, түрлі дүкендері мен мейрамханалары бар 30 үй, сондай-ақ фотоаймақтар орнатылды. Сондай-ақ қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттер жоспарланған:

– 29 желтоқсан сағат 18:40-та сахнада Ninety one тобы мен Asia лайв-бенд өнер көрсетеді;

– 30 желтоқсанда сағат 18:40-та Nazima және Ava Band лайв-бенд сахнада өнерін ұсынады:

– 3 қаңтарда сағат 18:40-та лайв-бенд Guinness өнерін тамашалауға болады.

Негізгі мәдени шаралар 31 желтоқсанда «Астана» алаңында – сағат 21:00-23:50 аралығында ұйымдастырылады. Қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерт жоспарланған. Кештің жүргізушілері Данияр Батырбаев, Дәулет Бижанов және Анар Батырхан. Сахнада Абай Бегей, Мәдина Сәдуақасова, Мөлдір Әуелбекова, Рано Омарова, Парвиз Назаров, Luina, Асхат Тарғын, Димаш Дәулетов, Нұрсұлтан Нұрбердиев, «Орда», Ninety One, «КешYоu», «Жігіттер», «Шамис» топтары, Бүркіт пен Аиша, Әли Оқапов, Мәди Рымбаев әннен шашу шашады. Президенттің құттықтау сөзінен кейін қалада 10 минутқа жалғасатын мерекелік отшашу болады.

Жаңажылдық фестиваль қазақстандық дизайнерлер мен қолөнершілер жасаған бұйымдардың жәрмеңкесіне жалғасады.

Еске салсақ, қаланың бас шыршасы Абай алаңында орналасқан. Оның биіктігі 22 метр. Шырша 350 ойыншық және 10 мың мерекелік гирляндамен безендірілген.

Қалада барлығы 8 жасанды шырша қойылған. Орналасқан жерлері: «Алматы Арена» мұз сарайының алдындағы алаң; «Астана» алаңы; Абай алаңы; Н. Сац атындағы балалар мен жасөспірімдер театры алдындағы алаң; Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайының аумағы; Тұңғыш Президент саябағы; Ғ. Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының алды; ҚБТУ ғимаратының алдындағы алаң.

Алматыда 5 тегін мұз айдыны ашылған – Тұңғыш Президент саябағының алдында, Республика Сарайының алдында, Әуезов ауданындағы Ықылас, 9 мекенжайдағы Таугүл ықшамауданында, Наурызбай ауданы әкімдігінің алдында, Түрксіб ауданындағы Сейфуллин көшесі, 13 мекенжайдағы №6 Оқушылар үйі алдында. Жақын арада Жетісу ауданындағы «Гүлдер» саябағында тағы бір мұз айдыны ашылады.

 

 

Тегтер: алматыжаңа жыл

Ұсынымдар

Алматы облысы Жібек жолы ауылындағы ағаштардың заңсыз кесілуіне байланысты қылмыстық іс қозғалды

01.02.2023

Алматы облысында селден қорғайтын 26 нысан жұмыс істеп тұр

01.02.2023

Жетісу облысында көлік аударылып, салдарынан жүргізуші қаза тапты

01.02.2023
Фото: Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Қонаевта есірткі синдикатының ұйымдастырушылары ұсталды

01.02.2023

Қаңтарда қияр мен пияз айтарлықтай қымбаттады

01.02.2023

Алматыда алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды

01.02.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz