Жерасты дүмпуінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 575 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан.
«Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10.7. Магнитудасы MPV – 4.5. Эпицентр координаттары – 41.14° с.е. 83.28°°ш.б. Тереңдігі – 10 шақырым. Қазақстан аумағында сезілгені туралы ақпарат түскен жоқ», – делінген хабарламада.
Мұның алдында Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында жер сілкінген еді.