Ойыл ауданындағы шаруа қожалығының бірінде сиырлардан қаупті вирус табылған. Ветеринарлар Көптоғай ауыл округіндегі қожалыққа ғана әзірге шектеу қойған. Бұл қыстаққа мал кіргізіп-шығаруға тыйым салынды.
«Карантин жарияланды. Бүгінде эпидемияға қарсы мемлекеттік мекеме сауықтырып жатыр. Ауру белгілері: үш айдан үш жасқа дейінгі, яғни жас мал ауырады», — деді Ақтөбе облысы Ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Бердімұрат Бекжанов.