-1 °c
Qonaev
Дүйсенбі, Ақпан 6, 2023
  • Рус
Alataunews.kz
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Alataunews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

«Аrtsport» бағдарламасы – сыбайлас жемқорлыққа бейім саланың бірі

Бұл туралы Алматы облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаментінің баспасөз қызметі Alataunews.kz тілшісіне мәлім етті.

Ақерке Жұмағазықызы
05.12.2022
Аймақ, Жаңалық
WhatsAppTelegramFacebookTwitter

«Антикор мамандары Алматы облысында жүргізіліп жатқан «Artsport» бағдарламасының қаржыландыру жағын толығымен зерттеп, талдау жүргізді. Нәтижесінде «Аrtsport» бағдарламасы – сыбайлас жемқорлыққа бейім саланың бірі екені анықталды. Мұның себебі о баста программа жобасы жасалғанда жіберілген олқылықтарда деп санаймыз», – деді Антикордың баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің ресми мәліметіне сүйенсек, үйірмелерге қатысып жүрген балалар санын жалған көрсеткен әрі жоқ жаттықтырушыны бар деп есеп берген жеке кәсіпкерлер де анықталды. Аталған жағдайлар тағы да орын алмауы үшін Алматы облысы әкімдігіне ұсыныстар тасталды.

Антикордың мұндай мәлімдемесімен облыстық спорт басқармасының басшысы Нұрбақыт Теңізбаев та келісіп отыр. Оның айтуынша, елімізде 2019-2023 жылдар аралығында шағын және орта бизнес өкілдерін тексеруге мораторий жариялануына байланысты кәсіпкерлер жұмысына қол сұғушылық жасалмайды. Дегенмен, құқық қорғау органдары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаменттің жүргізген талдауынан соң оларға қойылатын талаптар күшейді.

«Бұл бағдарлама елімізде 2021 жылдан бастап қана жұмыс істеп келеді. Шикіліктер бар екені рас. Дегенмен, жауапты сала қызметкерлерінің бірлескен жұмысы нәтижесінде спорт үйірмелерінің саны 71-ден 60-қа төмендеді. Қазіргі таңда өңірде 206 кәсіпкер, 24000 ваучер қызмет етеді. Және 21000 бала спорт үйірмелеріне қатысып жатыр», – деді Нұрбақыт Теңізбаев.

Басқарма басшысының айтуынша, спорт секциялары олимпиадалық және ұлттық ойындарға арналған.

«Күшейген талаптардың қатарында жаттықтырушылардың денешынықтыру пәнінің мұғалімі болуы керек деген пункт бар. Осының арқасында астыртын жұмыс жасайтын, қалталарының ғана қамын ойлайтын кәсіпкерлер азайды. Бұдан бөлек, жаңа талаптарға сай бағдарламаға қатысушы кәсіпкердің әрбірінде қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген, балалардың спортпен шұғылдануына қолайлы жағдай жасалған арнайы залы болуы қажет. Оның үстіне әр залға камералар орнатылуы тиіс», – деді басқарма басшысы.

Нұрбақыт Теңізбаевтың ақпаратына қарағанда, биылдың өзінде аталған программаға 4 млрд-тан астам қаржы қарастырылды.

«Жіберілген олқылықтардың әсерінен спорт басқармасы кәсіпкерлерге 1 млрд 540 миллион теңге қарыз болып қалды. Жақында ғана облыстық мәслихаттың ХХХ сессиясы өтті. Сонда депутаттар биылға қосымша 782 миллион теңге қаржы бөлу мәселесін қарастырып, мақұлдады. 1,5 млрдтың жартысы (782 млн тг) облыс бюджетінен қаржыландырылса, қалған бөлігі, яғни 700 млн теңгеден астамы мемлекеттік бюджеттен бөлінді», – деді спорт басқармасының басшысы.

Қазіргі таңда әр үйірмеге қатысып жатқан баланың мәліметін алу үшін спорт басқармасында операторлар жұмыс жасап жатыр. Ендігі жылдан бастап «Artsport» программасына қажетті сома толығымен республикалық бюджеттен бөлінеді.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Alatau News (@alataunews.kz)

Ұсынымдар

Қонаев қаласында қоғамдық көліктің қосымша 2 бағыты іске қосылды

05.02.2023
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Алматы облысының Жиделі ауылында су тасқынына қарсы шара жүргізілді

05.02.2023

Қазақстанда ұстаздар күнін 5 қазанға белгілеу ұсынылды

05.02.2023
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Жамбыл мен Алматы облыстарында құтқарушылар су тасқынының алдын алды

05.02.2023
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Алматы облысында Ұзынағаш-Отар жолын су алды

05.02.2023

«Петропавл-Алматы» бағытындағы пойыз вагонынан өрт шықты

04.02.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz