19 дана жылжымалы құрамға тапсырыс берілген. Алғашқы пойыздар қыркүйекте Астанаға әкелінеді, содан кейін оларды тестілеу басталады.
Төрт секциялы құрам толық жүктелгенде 600-ден аса жолаушыны сыйғыза алады.
Астана климатының ерекшелігі ескеріліп, алдыңғы терезесі температураны реттейтін электр жылыту жүйесімен жабдықталған. Бұл кенет температура өзгергенде әйнек булануының алдын алады.