Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

БҚО-да бір ауылды су басты

Батыс Қазақстан облысында бір ауыл су астына кетті, деп хабарлайды alataunews.kz "Мой Город" басылымына сілтеме жасап. 

Қорлан Нұрланқызы
28.03.2024
Жаңалықтар

Облыс әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетовтың айтуынша, Қаратөбе ауданында жағдай күрделене түскен. Қоржын ауылын су басқан, онда 130 үй бар және 600-ге жуық адам тұрады. Тұрғындар ауылдағы екі қабатты мектепке орналастырылған.

Тасқала және Чижа-2 ауылдарына қауіп төніп тұр, онда Деркөл өзеніндегі су деңгейі қауіпті белгіден асып кеткен.

Қаратөбе ауданындағы ауылдан бөлек, Оралда, Теректі, Тасқала аудандарында және Бәйтерек ауданында 70-ке жуық үй су астында қалды. 255 аулаға су кірді.

Әкім орынбасарының айтуынша, «Қазгидрометтің» болжамына сәйкес бірнеше күн ішінде тұрғындарға су тасқыны туралы ескертіп, қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұраған.

Айта кетейік, бұған дейін Төтенше жағдайлар министрлігі өкілдері ең күрделі жағдай Ақтөбе және Қостанай облыстарында тіркелгенін мәлімдеді.

«Еріген қар суымен күресу үшін Ақтөбе және Қостанай облыстарына Маңғыстау, Қызылорда облыстары мен 52859, 20982 әскери бөлімдерінен 220-ға жуық жеке құрам мен 25-тен аса техникадан қосымша күштер мен құралдар жіберілді.

Авариялық-құтқару жұмыстарына барлығы 1,5 мыңға жуық адам, 500-ден аса техника, 200-ге жуық су айдау және жүзу құралы жұмылдырылды», — деп мәлімдеді министрлік өкілдері.

Тегтер: БҚОсу

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысы Ішкі саясат басқармасының жаңа басшысы тағайындалды

Қорлан Нұрланқызы
10.03.2026

Алматы облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары тағайындалды

Қорлан Нұрланқызы
10.03.2026

Алматы облысында жаңа Конституцияны қолдауға арналған жұлдыздар матчы өтті

Қорлан Нұрланқызы
10.03.2026

Air Astana БАӘ-де қалған қазақстандықтарды елге жеткізу үшін арнайы рейстер ұйымдастырады

Қорлан Нұрланқызы
09.03.2026

10 наурыз: Алматы облысында қолайсыз ауа райы күтіледі

Қорлан Нұрланқызы
09.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz