-1 °c
Qonaev
Дүйсенбі, Ақпан 6, 2023
  • Рус
Alataunews.kz
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Alataunews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

Базардағыдан екі есе арзан – Алматыда облыс шаруаларының жәрмеңкесі басталды

Бүгін Алматы шаһарында облыстың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің кеңейтілген жәрмеңкесі өтіп жатыр, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

Ақерке Жұмағазықызы
08.10.2022
Аймақ
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

WhatsAppTelegramFacebookTwitter

Жәрмеңкеге Қонаев қаласының және Алматы облысының 9 ауданының шаруа және фермер қожалықтары өз өнімдерін әкелген.

Өнім ассортиментінде 50-ден астам азық-түлік түрі бар (ет-сүт, жеміс-көкөніс, шұжық өнімдері, ұн, жарма, өсімдік және жануарлар майлары, т.б.)

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

«Жәрмеңкеге бау-бақшамызда баптап өсірген көкөністерімізді алып келдік. Мысалы, бұрыш бағасы – 160 тг, боялы – 300 тг, қызанақ – 500 тг, ащы бұрыш – 300 тг. Базар бағасынан екі есе арзан. Саудамыз жүріп, табысты боламыз деген ойдамыз», – дейді Іле ауданынан келген кәсіпкер Айтуған Рүстемұлы.

Шаһардағы Шевченко бойына құрылған екі күндік базарда барлық азық-түліктің ортақ бағасы жазылған тізім бар.

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ет:
• сиыр еті – 2200 тг;
• сиыр тілі – 1700 тг;
• бауыр – 700 тг;
• бүйрек – 350 тг;
• жүрек – 800 тг;
• қой еті – 2100 тг;
• қойдың басы – 700 тг;
• бауыр, бүйрек, жүрек, өкпе – 900 тг;
• жылқы еті – 2400 тг;
• жылқының сұрпы еті – 2600 тг;
• қазы – 2800 тг;
• қарта – 1800 тг;
• тауық еті – 1000 тг;
• ысталған шұжық – 1500 тг;
• пісірілген шұжық – 1300 тг.

Балық:
• судак – 900 тг;
• сазан – 600 тг;
• сом – 500 тг;
• лещ – 350 тг.

Азық-түлік және сүт өнімдері:
• жұмыртқа – 450 тг;
• сүт – 250 тг;
• кілегей – 1500 тг;
• құрт – 1600 тг;
• ірімшік – 2200 тг;
• сүзбе ірімшік – 1500 тг;
• қымыз – 450 тг;
• шұбат – 450 тг;
• сары май – 2200 тг;
• қолдың сары майы – 2500 тг;
• сұйық май – 820 тг;
• сыр (ірімшік) – 1500 тг;
• тары – 520 тг;
• бал – 1700 тг;
• қант – 470 тг;
• күріш – 280 тг;
• кеспе – 150 тг;
• қарақұмық – 500 тг;
• ұн жоғары сұрып – 240 тг;
• ұн 1 сұрып – 210 тг.

Жеміс-жидек, көкөніс:
• алма – 300 тг;
• қызанақ, қияр – 350 тг;
• қырыққабат – 60 тг;
• жуа – 60 тг;
• картоп, сәбіз – 120 тг;
• сарымсақ – 850 тг;
• тәтті бұрыш, қызылша – 160 тг;
• боялы – 200 тг.

Тұрғындардың айтуынша, әлеуметтік маңызы бар тауарларды кәнігі базардан бір себет алғанда 30 мыңдай ақша кететін, бүгін тура осындай тауарға олар 10 мың теңге кем жұмсады.

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Тегтер: жәрмеңке

Ұсынымдар

Қонаев қаласында қоғамдық көліктің қосымша 2 бағыты іске қосылды

05.02.2023
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Алматы облысының Жиделі ауылында су тасқынына қарсы шара жүргізілді

05.02.2023

Қазақстанда ұстаздар күнін 5 қазанға белгілеу ұсынылды

05.02.2023
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Жамбыл мен Алматы облыстарында құтқарушылар су тасқынының алдын алды

05.02.2023
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Алматы облысында Ұзынағаш-Отар жолын су алды

05.02.2023

«Петропавл-Алматы» бағытындағы пойыз вагонынан өрт шықты

04.02.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz