«TENGRI FISH» ЖШС – Ұйғыр ауданындағы балық шаруашылығымен айналысатын жалғыз, ал Алматы облысы бойынша жетекші кәсіпорындардың бірі. Жобаның жалпы құны – 500 млн теңге.
«Жылына 50 тонна бекіре және 50 тонна сазан балығын шығарып отырмыз. Компанияда 7 маман жұмыс істейді. 500 млн теңге инвестиция салынды. Бұл аудандағы жалғыз балық шаруашылығы. Сондықтан алда жылдық өнімділігі 300 тонна форель балығын өсіретін шаруашылық құруды жоспарлап отырмыз. Ол үшін аудан әкімдігінің көмегімен жер бөлініп берілгелі жатыр», — деді компанияның директоры Таңжарық Жайдарәлі.
Кәсіпорын тұщы су балық шаруашылығы (пресноводное рыбоводство) технологиясын қолданады. Ол экологиялық таза өнім өндіруге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта негізгі балық түрлері ретінде бекіре балығы және сазан балығы өсіріледі. Кәсіпорында 7 адам еңбек етеді. Олардың кәсіби біліктілігі мен тәжірибелері жоғары сапалы өнім өндіруде маңызды рөл атқарады.
Атап өтейік, «TENGRI FISH» ЖШС аудандағы балық шаруашылығын дамытуға және экологиялық таза балық өнімдерін нарыққа ұсынуға бағытталған маңызды қадам.