11 °c
Qonaev
Пятница, 23 мая, 2025
  • Рус
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Ақтөбе облысы
    • Ақмола облысы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Батыс Қазақстан облысы
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Қарағанды облысы
    • Қостанай облысы
    • Қызылорда облысы
    • Маңғыстау облысы
    • Павлодар облысы
    • Солтүстік Қазақстан облысы
    • Түркістан облысы
    • Ұлытау облысы
    • Шымкент қаласы
    • Шығыс Қазақстан облысы
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
    • Инфографика
    • Фотогалерея
    • Аудиожазба
    • Бейнеролик
  • Жұмысшы мамандықтар жылы
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Ақтөбе облысы
    • Ақмола облысы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Батыс Қазақстан облысы
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Қарағанды облысы
    • Қостанай облысы
    • Қызылорда облысы
    • Маңғыстау облысы
    • Павлодар облысы
    • Солтүстік Қазақстан облысы
    • Түркістан облысы
    • Ұлытау облысы
    • Шымкент қаласы
    • Шығыс Қазақстан облысы
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
    • Инфографика
    • Фотогалерея
    • Аудиожазба
    • Бейнеролик
  • Жұмысшы мамандықтар жылы
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Home Аймақ

«Береке бастауы – бірлік»: Ольга Хайрадинқызы қазақ халқына алғысын білдірді

Қазақтың кең байтақ даласы бүгінде 130-дан астам ұлт пен ұлысқа ортақ Отанға айналды. Сол себепті де 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні – тек мереке емес, өткенге тағзым мен бүгініне шүкір айтатын күн. Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының тәжірибелі медбикесі Ольга Хайрадинқызы Щербина осы мейрам қарсаңында қазақ халқына жүрекжарды алғысын жеткізді.

by Қорлан Нұрланқызы
30.04.2025
in Аймақ, Алматы облысы

Ольга Хайрадинқызы – тағдыр тәлкегімен Қазақстанға қоныс аударған Ахыска түріктерінің ұрпағы. Оның айтуынша, Ахыска халқы 1944 жылы Сталиннің бұйрығымен Грузиядан Орталық Азияға күштеп көшірілген. Мыңдаған адам малға арналған вагондармен апаттық жағдайда жолға жіберіліп, көпшілігі аштық пен аурудан жол үстінде қаза тапқан. Тірі қалғандары Кеңес Одағының әр түкпіріне шашылып, туған топырағына қайта орала алмай, бөлініп кеткен халықтың тағдырын кешті.

Сол ауыр кезеңнің куәсі болған ұрпақтың бірі – Ольга Хайрадинқызы. Ол 17 жасында Қапшағай қалалық ауруханасына медбике болып қабылданып, кейін арманының жетегінде Талғар медицина училищесіне оқуға түсіп, үздік тәмамдайды. Училищеден кейін физиотерапия бөлімінен бастап, операция бөлімінің жауапты медбикесіне дейін көтерілген Ольга Хайрадинқызы биыл өзінің осы салада қызмет етіп жүргеніне 43 жыл толғанын ерекше ризашылықпен айтады.

«Медбике – жай ғана көмекші емес. Операция кезінде біз хирургпен бір тілде сөйлеуіміз керек. Әрбір құралдың орнын біліп, хирургтің ойын алдын ала сезу – біздің міндет. Бұл жерде қателікке орын жоқ. Адам өмірі – біздің қолымызда. Бізге сол жауапкершілікті ұмытпау керек екенін үйретті», – дейді ол.

Операциялық блокта қажетті құралдарды дайындау, залалсыздандыру, хирургқа толық қолдау көрсету, шұғыл әрекет ету – бәрі операциялық бөлім медбикелерінің құзырындағы күнделікті, бірақ аса маңызды міндеттер. «Бәрі ойдағыдай өтіп жатса да, тек операция аяқталғаннан кейін ғана ішкі уайымнан арылып, жеңіл дем алуға болады», – дейді ардагер маман.

Ольга Хайрадинқызы үшін 1 мамыр мерекесінің орны ерекше. Бұл күн – тек мереке ғана емес, тағдырлас халықтың бірігіп, жарасым тапқан күні.

«Қазақ халқына алғысым шексіз. Бізге құшағын ашып, паналатты, білім берді, қызмет етудің жолын ашты. Осындай елдің азаматы болғаныма мақтанамын. «Береке бастауы – бірлік» деген қағидаға сенемін. Қазақстан халқы осы бірлік пен ынтымақты сақтап қалса, болашағымыз жарқын болатынына күмән жоқ», – дейді ол.

Tags: Алматы облысықазақстанҚонаев

Ұсынымдар

Алматы облысында өрт қаупі күшейді

23.05.2025

AMANAT: Іле ауданындағы ірі кәсіпорын жұмысшылары өзекті мәселелер бойынша ұсыныстарын жеткізді

23.05.2025

Президент бірнеше елге жаңа елші тағайындады

23.05.2025
Фото: gov.kz

Белгілі журналист Диас Ахметшәріп қайтыс болды

23.05.2025

Балуан Шолақтың ізбасарлары

22.05.2025

Алматы облысы мен Бейжің арасындағы ынтымақтастық артуда: Марат Сұлтанғазиев Қытай астанасында маңызды кездесу өткізді

22.05.2025
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Аймақ
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
  • Жұмысшы мамандықтар жылы
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Ақтөбе облысы
    • Ақмола облысы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Батыс Қазақстан облысы
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Қарағанды облысы
    • Қостанай облысы
    • Қызылорда облысы
    • Маңғыстау облысы
    • Павлодар облысы
    • Солтүстік Қазақстан облысы
    • Түркістан облысы
    • Ұлытау облысы
    • Шымкент қаласы
    • Шығыс Қазақстан облысы
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
    • Инфографика
    • Фотогалерея
    • Аудиожазба
    • Бейнеролик
  • Жұмысшы мамандықтар жылы
  • Рус

© 2022-2024 www.alataunews.kz