Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Бірнеше рет әлем рекордын жаңартқан мүмкіндігі шектеусіз жан

Ол – Алматы облысы, Ұйғыр ауданының тумасы Рахметжан Хамраев. Бала күнінде жұлынынан жарақат алып, аяқтары қимылсыз қалса да, өз саласын тауып, спортқа біржола бет бұрған. Спортшымен Alataunews.kz ақпарат агенттігінің тілшісі тілдесіп қайтты.

Мөлдір Иманмади
24.02.2025
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар, Қоғам

Рахметжан Хамраев ауыр атлетикамен 2012 жылдан бастап айналыса бастаған екен. Содан бері Азия ойындары, Әлем және Қазақстан чемпионаттарына қатысып, бірнеше рет әлем рекордын жаңартқан.

«Пауэрлифтингпен 2012 жылдан бастап айналысамын. Спортқа әкем әкелді. Бірден келісе кеттім. Бойымдағы мүгедектікке мән бермедім. Ел қатарлы жаттығып, түрлі чемпионаттарда (Азия ойындары, Әлем және Қазақстан чемпионаттары) жүлделі болдым. Парижде өткен жазғы Паралимпиадаға да қатыстым. Бірнеше рет әлем рекордын жаңарттым. 206 келі салмақтағы штанганы көтеріп, бір белесті бағындырдым. Бұл мен үшін үлкен жетістік», – деді спортшы.

Сонымен қатар, ол жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Қандай жағдай болса да, адам өзінен-өзі ұялмауы тиіс екенін алға тартты.

«Балаға тәрбие беру үшін ата-анасы үлгілі болуы қажет. Олар естігенін емес, көргенін істейді. Өзім секілді мүгедектігі бар жандарды, жалпы жастарды спортпен айналысуға шақырамын. Қандай жағдай болмасын, жаттықтырушылар қолдау көрсетеді. Адам өз-өзінен ұялмауы тиіс. Сонда ғана биіктерді бағындырады», — деді ол.
Тегтер: алматы облысының жаңалықтарыБасты жаңалықтарПауэрлифтингРахметжан Хамраевспорт жаңалықтарыҰйғыр ауданы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында мемлекеттік қызметшілерге арналған «Журналист – жау емес» атты оқу тренингі өтті

Мөлдір Иманмади
03.03.2026

СІМ мәлімдемесі: алғашқы эвакуациялық автобустар Дубайдан жолға шықты

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында су тасқыны қаупі орташа: дайындық күшейтілді

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында референдумға дайындық: есептен шығару куәлігін қалай алуға болады?

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Қазақстанда «Стрептоцид» дәрісі айналымнан алынды

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz