Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Биыл Алматы облысы Ұйғыр ауданында газдандыру жұмыстары қолға алынды

2025 жылы Ұйғыр ауданында барлық елді мекендерін газдандыру жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды alataunews.kz. Бұл туралы Ұйғыр ауданының әкімі Бота Серікқызы Елеусізова Алматы облысының өңірлік коммуникация қызметінің алаңында өткен баспасөз-мәслихатында мәлімдеді.

Мөлдір Иманмади
29.01.2025
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Аудан орталығы Шонжы ауылында 2 815 жеке тұлға және 126 заңды тұлға орталықтандырылған газға қосылды. Сонымен қатар, әлеуметтік объектілерді де табиғи газға қосу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Атап айтсақ, аудан әкімдігінің екі ғимараты 2024 жылдың желтоқсан айында газбен қамтамасыз етілсе, Шонжы ауылындағы №1 және №5 орта мектептері осы жылдың ақпан айында газға қосылмақ.

Қазіргі уақытта, тағы да үш ауылды газдандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Тасқарасу ауылына 504,0 млн.теңге қарастырылып құрылыс монтаж жұмыстары 90 пайызға, Бахар ауылына 223,0 млн.теңге қаражат бөлініп, құрылыс монтаж жұмыстары 95 пайызға аяқталды. (мердігер «РемСтрой» ЖШС-і). Ал Шарын ауылын газдандыруға 1,6 млрд. теңге қаражат бөлініп, тиісті жұмыстар аяқталып әділет басқармасына тіркелуде (мердігер «МБК Курылыс»).

Фото: Дамир Нұрқасым

Аталған жобалар 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында аяқталады деп жоспарланып отыр.

Одан бөлек, таулы аймақта орналасқан елді мекендерді табиғи газ құбырына қосу мақсатында  автоматтандырылған газ тарату стансасын салуға жобалық сметалық құжаттама даярлауға 136,9 млн тенге қаражат бөлінді. 1 кезеңде Кіші дихан, Үлкен дихан, Қалжат, Кетпен ауылдарына газ құбырын тарту көзделді. Қалған елді мекендерді газдандыру кезең кезеңімен жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, Шонжы ауылындағы көп қабатты тұрғын үйлерді жылумен жабдықтауға арналған автономды Блокты-модульді қазандық салуға- 135,0 млн тенге қаражат бөлінді.

Тегтер: алматы облысының жаңалықтарыБасты жаңалықтаргаздандыруҰйғфр ауданы

Соңғы жаңалықтар

Іле ауданында референдум күні «Зверополис» кейіпкерлері дауыс беруге келді

Қорлан Нұрланқызы
15.03.2026

Референдум күні Алматы облысында 24 сәби дүниеге келді

Қорлан Нұрланқызы
15.03.2026

Шонжыда орманшылар дауыс беріп, мектеп ауласына 30 түп ағаш отырғызды

Қорлан Нұрланқызы
15.03.2026

ІІМ: Референдум учаскелеріндегі жағдай тұрақты

Қорлан Нұрланқызы
15.03.2026

Алатау қаласында «Референдум аллеясы – 2026» көшеттері отырғызылды

Қорлан Нұрланқызы
15.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz