16 °c
Qonaev
Жексенбі, Қыркүйек 24, 2023
  • Рус
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

Биыл Алматы облысында ішкі туризм 13% өсті

Бұл туралы облыстық туризм басқармасының басшысы Айбар Теменов айтты.

Ақерке Жұмағазықызы
04.09.2023
Аймақ
WhatsAppTelegramFacebookTwitter

Оның мәліметінше, Алматы облысында 2023 жылғы қаңтар мен тамыз айлары аралығын есептесек, өткен жылғы дерекпен салыстырғанда ішкі туризмнің 13% артқаны байқалады. Былтыр өңірге 960 000 демалушы келсе, биыл 1,1 млн демалушы келген.

Туристер ағыны мен миграцияға мониторинг жүргізетін «eQonaq» ақпараттық бағдарламаның дерегіне сүйенсек, Алматы облысы келушілер саны бойынша Алматы (47,2 мың) мен Астана (22,4 мың) қалаларынан кейінгі 3-орынға тұрақтаған.

Сонымен қатар Айбар Теменов облыста ұйымдастырылған шаралардың арқасында бюджетке түскен салық мөлшерінің өскенін айтты.

«Шетелдік туристерден түсетін салық – Bed tax көрсеткіші 68,2 мың теңгеден 3,1 млн теңгеге дейін жетті. Бұл – Қытай мен Оңтүстік Кореяда өткізілген маркетингтік кампанияның және өңірде ұйымдастырылған ауқымды шаралардың нәтижесі. Оның қатарында «Qonaev International Balloon Fest», «Adrenaline Tengri Ultra», BBC News арнасында көрсетілген жарнама, «Tripadvisor» сайтында жарияланған баннер және т.б. бар», – деді басқарма басшысы.

Маманның айтуынша, өңірде 300 шақырымнан астам туристік жолға жөндеу жүргізіліп, абаттандырылып жатыр.

Аталғандардан бөлек, Алматы облысында 2023-2026 жылдар аралығында туризмді дамыту үшін Бас жоспар әзірленген. Құжатта мақсат-мүдделер айқындалған. Сондай-ақ әр ауданның даму әлеуеті басты назарға алына отырып, жол картасы дайындалған. Нәтижесінде ауылдар мен аудандардағы туризм нарығының қысқа мерзімдік тенденциялары, жоба, жоспарлары анықталған.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтар

Ұсынымдар

«URKER-2023» Ұлттық сыйлығының жеңімпаздары жарияланды

23.09.2023

«Басымнан тепті»: соққыға жығылған талғарлық дәрігер сол күні не болғанын айтып берді

23.09.2023

Алматы облысында мектеп автобусы батпаққа батып қалды

23.09.2023

Тоқаев Берлинде Германия басшыларымен келіссөз жүргізеді

23.09.2023

Үсік, жаңбыр, қатты жел: еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

23.09.2023

Алматы облысында 7 жасар қыз кәріз құдығына құлап, мүгедек болып қалды

23.09.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
ZERO.kz

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz