29 °c
Qonaev
Бейсенбі, Маусым 8, 2023
  • Рус
Alataunews.kz
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Alataunews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

Биыл Алматы облысында сыбайлас жемқорлыққа байланысты 19 қылмыс жасалған

Мұны облыс әкімдігінде өткен сыбайлас жемқорлық мәселелері туралы жиналыста өңірлік Антикор басшысының орынбасары Нұрсұлтан Бекинов айтты.

Ақерке Жұмағазықызы
25.05.2023
Аймақ
WhatsAppTelegramFacebookTwitter

«Биыл облыста сыбайлас жемқорлыққа қатысты 19 қылмыс тіркелді. Бұл қылмыстарға 27 адамның қатысы бары анықталды. Оның ішінде облыс басшылығынан 3 адам бар», – деді Нұрсұлтан Бекинов.

Департамент басшысы орынбасарының айтуынша, қазіргі таңда Антикор барлық болған жағдаяттарды әлеуметтік желіде кеңінен таратып жатыр. Бұл да сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстарды алдын алу шараларының бірі.

Сонымен қатар Нұрсұлтан Бекинов мұндай қылмыстар жылдан-жылға қайталануы назар аударарлық әрі қауіпті жағдай екенін айтты.

«Мысалы, 2020 жылы Қарасай ауданы әкімінің орынбасары мердігер компаниядан 32 миллион теңге алғаны үшін ұсталды. Соттың шешіміне сәйкес, ол 75 миллион теңге айыппұл төледі. 2021 жылы кәсіпкерлік басқармасының басшысы 33.5 мың доллар пара алып, 100 миллион теңге айыппұл төледі. Биыл мәдениет басқармасының басшысы ұсталды. Ол халық шығармашылығы орталығының басшылығымен бірге бюджеттен 3 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілініп отыр. Іс сотқа жіберілді. Бұл кісілердің барлығын сіздер танисыздар, әріптес болғансыздар», – деді басқарма басшыларына Антикор өкілі.

Жиында сыбайлас жемқорлық туралы Заңға енгізілген өзгерістер туралы да сөз етілді. Оның бірі – 2019 жылдан бастап пара алып, сотталғандарға рақымшылық жасалмайтыны жайлы болды. Яғни, қылмыскер 7 жылға сотталса, 7 жыл бойы түрмеде отырады. Мұнымен қоса, темір торға тоғытылғандар орташа қауіпсіздіктегі мекемелерде жазасын өтейді.

Кездесу соңында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің қызметін ұйымдастыру тәсілдерін қайта қарау ұсынылды.

Тегтер: Алматы облысы

Ұсынымдар

Ольга Рыпакованың қызы Азия чемпионатының қола жүлдесін алды

08.06.2023

Президент Алматыда Орталық Азия елдерінің жобалық кеңсесін құруды ұсынды

08.06.2023
Фото: polisia.kz

Жетісу облысында тауға шыққан тиктокер жоғалып кетті

08.06.2023

Қазақстанда жемқорлықпен күресіп жатырмыз – Президент

08.06.2023

Қазақстанда бизнес жүргізу үшін барынша жағдай жасаймыз – Тоқаев

08.06.2023

Президент Халықаралық валюта қорының басқарушы директорын қабылдады

08.06.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
ZERO.kz

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz