«14 сәуір күні таңертең және күндіз Алматы облысының оңтүстігі мен таулы аймақтарында ауа райы күрт құбылады. Кей жерлерде қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсіп, дауыл соғуы мүмкін.
Күндіз найзағай ойнап, батыстан соғатын желдің екпіні облыстың оңтүстік бөлігінде 15–20 м/с, ал кей сәттерде 24–29 м/с-қа дейін күшеюі ықтимал», — делінген хабарламада.
Синоптиктер тұрғындарды ауа райының өзгерісіне бейімделіп, қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.