Бүгін Қонаев қаласында күн райы жайлы болмақ. Синоптиктердің мәліметінше, аспанда көшпелі бұлттар көрінгенімен, жауын-шашын күтілмейді. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с шамасында соғады.
Ауа температурасы түнгі уақытта +12…+14°C аралығында болса, күндіз +25…+27°C дейін жылы болады. Мамандар тұрғындарға ашық аспан мен қолайлы ауа райын тиімді пайдалануға кеңес береді.