Алматы, Қонаев, Тараз, Орал қалаларында және Ұлытау облысында найзағайлы ауа райы күтілуде.
Астана қаласында күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін. Сондай-ақ, қатты дауыл тұрады деп болжануда.
Ақмола және Батыс Қазақстан облыстарының бірқатар аумақтарында найзағай, бұршақ және дауыл болуы ықтимал. Жел екпіні айтарлықтай күшейеді.
Жамбыл мен Шығыс Қазақстан облыстарында найзағаймен қатар тұман түсіп, желдің жылдамдығы артады.
Шымкент, Түркістан және Алматы облыстарында желдің екпіні 15-20 м/с-ке дейін күшейіп, найзағай ойнайды.
Жолға шығатын болсаңыз, қауіпсіздікті ескеріңіз және ауа райына сәйкес киініңіз.
Фото: Egemen.kz