7 °c
Qonaev
Сәрсенбі, Наурыз 22, 2023
  • Рус
Alataunews.kz
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Alataunews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

Дарынды балалар үшін грант санын арттыру керек – Марат Сұлтанғазиев

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Шалтай Смағұлов атындағы облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының оқушыларын ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, арнайы барды деп хабарлайды Alataunews.kz.

Айдана Дайырова
17.03.2023
Аймақ
Фото: Alataunews.kz

Фото: Alataunews.kz

WhatsAppTelegramFacebookTwitter

60 жылдық тарихы бар білім мекемесі әуелде қазақ-түрік лицейі болып ұрпақты білім нәрімен сусындатса, 2004 жылдан бері физика-математика бағытындағы Шалтай Смағұлов атындағы мектеп-интернаты болып жұмысын жалғастырып келеді. Ордасында 369 бала білім алады.

Мұнда оқыған түлектердің 96%-ы білім грантының иегерлері. Бүгінгі таңда қара шаңырақтағы білім сапасы 80%-ды құрайды. Айта кетерлік бір жайт, соңғы үш жылда 17 алтын белгі, 12 үздік аттестат иегері шыққан.

Білімімен мыңды жығып жүрген дарабоздар аймақ басшысына ғылыми жұмыстарын көрсетіп, өздері құраған түрлі роботтарды жеке-жеке таныстырып шықты.

Ал ұстаздар STEM мектебін құру жайлы ұсыныс айтып, арнайы әзірлеген жобамен таныстырды. Бұл Алматы облысындағы алғаш робототехникаға үйрететін ошақ болады.

Сонымен қатар облыс әкімі интернат негізінде ашылған «Жас ұстаз» педагогикалық сыныбымен танысты. Бұл жерде болашақ ұстаздарды даярлайды. Мектеп-интернатындағы аталған бастамаға облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев оң бағасын берді.

«Ұстаз – ұлы мамандық. Қашанда сұраныстағы тұлғалар. Мәселен, Алматы облысының өзінде педагог тапшылығы байқалады. Ал таяу болашақта «Жайлы мектеп» жобасының аясында 63 білім ұясын салу көзделген. Сәйкесінше, 3 мыңнан астам мұғалім мамандары қажет болады. Сол кезде жас кезінен аталған мамандық бойынша ірге тасы қаланған білікті педагогтар қажет болады», – деді Марат Елеусізұлы.

Фото: Alataunews.kz

Аймақ басшысы өз сөзінде алдағы уақытта Шалтай Смағұлов атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының түлектері үшін арнайы гранттар бөлуді қарастыру керек екенін тілге тиек етті.

Оның айтуынша, қазіргі кезде білім гранттарының басым бөлігі дәрігер, мұғалім, аграрлық сала мамандарына бөлінген. Бұл қатарға физика-математика бағытын қосу керектігін айтты.

Айта кетейік, өткен жылы Алматы облысына 107 білім гранты берілген, 69 бала тегін оқуға қол жеткізген. Ол гранттар аз қамтылған, жартылай жетім немесе жетім балаларға берілді.

Шара соңында Марат Сұлтанғазиев мектеп-интернатының кітапханасына 50 дана кітапты табыс етіп, оқушылармен естелік суретке түсті.

Фото: Alataunews.kz
Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтаргрантМарат Сұлтанғазиев

Ұсынымдар

Мереке күндері 20 мыңға жуық полицей азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді

22.03.2023

Мемлекет басшысының атына Наурыз мейрамына орай құттықтау жеделхаттары келіп түсіп жатыр

22.03.2023
Фото: Ақорда баспасөз қызметі

Президент қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

22.03.2023
Фото: Alataunews.kz

Қонаев қаласында Наурыз мерекесін атап өту ағаш егуден басталды

22.03.2023

Ауғанстандағы жер сілкінісі Тараз бен Шымкентке сезілді

21.03.2023
Фото: Ақорда баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Nomad Stunts тобының өнерін тамашалады

21.03.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
ZERO.kz

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz