-2 °c
Qonaev
Дүйсенбі, Ақпан 6, 2023
  • Рус
Alataunews.kz
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Alataunews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

Еңбекшіқазақ ауданы: ауылдағы спорт зал толық жабдықталды

Осыдан 3 жыл бұрын Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Қазақстан ауылының жігіттері ұйымдасып спорт залын тұрғызған. Бүгін залға жаттығуға қажетті құрал-жабдықтар әкелінді, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

Ақерке Жұмағазықызы
03.10.2022
Аймақ
Фото: Alataunews.kz/Сұлтан Жұмағұл

Фото: Alataunews.kz/Сұлтан Жұмағұл

WhatsAppTelegramFacebookTwitter

«Біз, 1981-1998 жылдары туған жігіттер бірлесіп, ауылға спорт зал салып беруге шешім қабылдадық. Себебі елдімекендегі мектептің спорт залы үнемі бос болмайды. Ал балалардың жаттығуға деген ықыласы зор. Қазіргі таңда бұл жерде 3 жаттықтырушы қызмет етеді. Бокс үйірмесіне 40, еркін күреске 25, каратэге 20 бала қатысады», – дейді ауыл жігіттерінің басын қосып, залдың бой көтеруіне ұйытқы болған Мұхит Дүнгешев.

Фото: Alataunews.kz/Сұлтан Жұмағұл

Оның айтуынша, аймақ азаматтары былтыр «Батыр боламын» қорына материалдық базамен қамтамасыз етуді сұрап өтініш жасаған. Қор «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының көмегіне жүгінген.

«Қазақстан халқына» қоғамдық қорымен бірлесіп, жыл соңына дейін еліміздің түкпір-түкпірінен 24 спорт залын ашуды мақсат етіп отырмыз. Қоғамдық қордың басты қызметі – жарақтандыру. Ал біздің «Батыр боламын» қоры әкімшілік жұмыстармен қатар жаттықтырушылардың еңбекақысын реттеу секілді мәселелермен айналысады. Екі қордың да мақсаты – балаларды спорт арқылы тәрбиелеу, 10 000 оқушыны тегін үйірмемен қамтамасыз ету», – дейді «Батыр боламын» қорының президенті Арман Уахап.

Фото: Alataunews.kz/Сұлтан Жұмағұл

«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры бұл залдың жабдығына 7,7 млн теңге қаржы бөлген.

Осы шараға орай ауылда салтанатты басқосу өтті. Жиынға облыстық спорт басқармасының басшысы Нұрбақыт Теңізбаев, ауыл ақсақалдары, жастар, спортшылар мен жаттықтырушылар қатысты.

Ауыл әкімі Марат Сүгірбаев «Батыр боламын» қорына алғыс хат табыс етті.

Жиын соңында спорттық үйірмеге қатысып жүрген балалар өз өнерлерін көрсетті.

Фото: Alataunews.kz/Сұлтан Жұмағұл

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Alatau News (@alataunews.kz)

Тегтер: Еңбекшіқазақ

Ұсынымдар

Қонаев қаласында қоғамдық көліктің қосымша 2 бағыты іске қосылды

05.02.2023
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Алматы облысының Жиделі ауылында су тасқынына қарсы шара жүргізілді

05.02.2023

Қазақстанда ұстаздар күнін 5 қазанға белгілеу ұсынылды

05.02.2023
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Жамбыл мен Алматы облыстарында құтқарушылар су тасқынының алдын алды

05.02.2023
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Алматы облысында Ұзынағаш-Отар жолын су алды

05.02.2023

«Петропавл-Алматы» бағытындағы пойыз вагонынан өрт шықты

04.02.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz