«Бұл АЭА-на Алматы қаласындағы бірнеше кәсіпорындар көшуге ниеттеніп отыр. Бүгінгі таңда түрік, қытайлық, сингапурлық компаниялар да осы төңірекке өндіріс ошағын салуға қызығушылық танытып, келісімшарттарға қол қойып жатыр», – деді басқарма басшысы.
Болат Мұсылманбековтің мәліметінше, жалпы G4 city-дің аумағы 111,8 мың гектарды құрайды. Оның 30 мың гектары осы АЭА-на кіреді.
«Қазақстандағы басқа АЭА-тар өнеркәсіпті ғана қамтыған. Ал Алматы облысындағы G4 city жобасындағы төрт қаланың өзіндік бағыты бар. Яғни, бұл АЭА дамыған шаһарлардың құрамында болмақ», – деді Болат Мұсылманбеков.

ҚР Үкіметінің ақпаратына сәйкес 2048 жылға дейін АЭА шеңберінде шамамен 3,7 трлн теңге көлемінде инвестиция тарту, құны 17 трлн теңгеден астам қызметтер мен тауарлар өндіру, 60 мыңға жуық жұмыс орнын құру жоспарланып отыр.
Айта кетейік, бүгінде облыстың инвестициялық портфелі құны 718 млрд теңгеден астам соманы құрайтын 134 жобаны қамтиды.
«G4 city» даму тұжырымдамасына сәйкес интеграцияланған қала 4 ауданнан тұрады:
- Gate City – іскерлік және қаржылық орталық;
- Golden District – білім беру және медициналық хабы;
- Growing District – инновациялық-индустриялық және сауда-логистикалық аймақ;
- Green District – туристік кластер.