Ақсақалдың хал-жағдайын сұрап, емен-жарқын әңгіме өрбітіп, құрмет көрсетіп, жылы лебіздерін білдірді.
Солтанбай Жарықбасов Еңбекшіқазақ ауданы, Алға ауылында дүниеге келген. 1943 жылдың қаңтарындаТашкент қаласындағы мергендер курсында білім алып, сол жылы сәуір айында майданға аттанады.
Ол Забайкалье майданында 25-ші Қызыл Тулы механикаландырылған бригаданың құрамында 1-ші батальон, 1-ші рота, пулемет бөлімшесінің командирі болды. Жапон әскеріне қарсы шайқастарға қатысып, қайсарлық пен батырлықтың үлгісін көрсетті.
Өзінің елге деген адалдығы мен майдандағы ерлігі үшін ардагер І дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, сондай-ақ 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің мерейтойлық және мерекелік медальдарыменмарапатталған.
Солтанбай ата – туған елінің тарихын көзімен көріп, өз еңбегімен оның бейбіт болашағына үлес қосқан тұлға. Оның өмір жолы – өскелең ұрпаққа үлгі, ерлік пен адалдықтың жарқын бейнесі.
Осындай асыл азаматтарымыздың өмір жолын ұлықтау – біздің парызымыз!