11 °c
Qonaev
Пятница, 13 июня, 2025
  • Рус
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Ақтөбе облысы
    • Ақмола облысы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Батыс Қазақстан облысы
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Қарағанды облысы
    • Қостанай облысы
    • Қызылорда облысы
    • Маңғыстау облысы
    • Павлодар облысы
    • Солтүстік Қазақстан облысы
    • Түркістан облысы
    • Ұлытау облысы
    • Шымкент қаласы
    • Шығыс Қазақстан облысы
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
    • Инфографика
    • Фотогалерея
    • Аудиожазба
    • Бейнеролик
  • Жұмысшы мамандықтар жылы
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Ақтөбе облысы
    • Ақмола облысы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Батыс Қазақстан облысы
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Қарағанды облысы
    • Қостанай облысы
    • Қызылорда облысы
    • Маңғыстау облысы
    • Павлодар облысы
    • Солтүстік Қазақстан облысы
    • Түркістан облысы
    • Ұлытау облысы
    • Шымкент қаласы
    • Шығыс Қазақстан облысы
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
    • Инфографика
    • Фотогалерея
    • Аудиожазба
    • Бейнеролик
  • Жұмысшы мамандықтар жылы
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Home Аймақ

Инфрақұрылым, әлеуметтік сала, туризм: Қонаев үш жылда қалай өзгерді?

Бүгін Қонаев қаласына облыс орталығы мәртебесін бергеніне үш жыл толады. Осыған байланысты Қонаев қаласының әкімдігі назарларыңызға үш жыл ішінде қала әкімдігінің атқарған жұмыстарына қысқаша шолу ұсынды.

by Мөлдір Иманмади
09.06.2025
in Аймақ, Алматы облысы, Жаңалық
Фото: Informburo.kz\Тимур Батыршин

Фото: Informburo.kz\Тимур Батыршин

ҚАЛАНЫҢ БАС ЖОСПАРЫ БЕКІТІЛДІ

Қазақстан Республикасының Үкіметі 2050 жылға дейін есептелген Қонаев қаласын дамытудың Бас жоспарын бекітті. Бұл құжат қаланы Алматы облысының заманауи әкімшілік, өнеркәсіптік және туристік орталығына айналдырудың стратегиялық бағыттарын айқындайды.

Дамудың негізгі бағыттары:
* Ұтымды функционалды аймақтарға бөлу арқылы ыңғайлы және қауіпсіз қалалық ортаны құру
* Өнеркәсіптік-коммуналдық және рекреациялық аймақтарды дамыту
* Қонаевты өңірдің орталық көлік-логистикалық хабына айналдыру мақсатында авиациялық, теміржол, автомобиль және су көлігін қоса алғанда, көлік-логистикалық жүйені жаңғырту
* Денсаулық сақтау мен білім берудің жаңа объектілерін салуды қоса алғанда, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту
* Су спорты мен экологиялық туризмге баса назар аудара отырып, туризмді, спорт саласын дамыту.

Жоспарды іске асыру кезең-кезеңімен 2050 жылға дейін есептелген.

Бас жоспардың бекітілуіне байланысты КЕШЕНДІ ДАМУ ЖОСПАРЫ қабылданды. Оның аясында 187 іс-шараны іске асыру жоспарланып отыр, мұнда инфрақұрылымды дамытуға басты назар аударылды. Оған сәйкес, 2023-2027 жылдарға қалалық бюджеттен 7,2 млрд теңге сомасына 52 жоба іске асырылуда:
* сумен жабдықтау және кәріз жүйесін жаңғырту, жаңасын салу – 16 жоба;
* жылумен жабдықтау және электрмен жабдықтау – 21 жоба;
* жолдарды күрделі жөндеу – 3 жоба;
* инженерлік-коммуникациялық желілерді тарту – 4 жоба;
* абаттандыру – 8 жоба.

БЮДЖЕТ

Мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдер 53,3%-ға ұлғайды (2021 жылы – 92,6 млрд.теңге, 2024 жылы – 142,0 млрд. теңге). 2025 жылға болжам – 161,9 млрд. теңге.

Бюджет шығыстарының негізгі бағыты – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы (53,4%).

ИНВЕСТИЦИЯ

Соңғы үш жылда 250 млрд теңге инвестиция тартылды.

2024 жылдың қорытындысы бойынша инвестиция көлемі 103 млрд теңгені құрады.

Қала өнеркәсібі 80 млрд теңгеге өнім өндірді, ауыл шаруашылығында 26,5 млрд теңгеге өнім алынды.

Бөлшек сауда айналымы 40 млрд теңгені құрады. Экономика дамуына шағын және орта бизнес субъектілері елеулі үлес қосты. Бүгінгі таңда Қонаевта 6 599 ШОБ нысандары тіркелген, олар үш жыл ішінде жалпы сомасы 2 193 млрд теңгеге өнім өндіріп, қызмет көрсетті.

ҚҰРЫЛЫС

Құрылыс-монтаждау жұмыстарының көлемі 68,4 млрд. теңгені құрады.

158,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Тұрғын үй құрылысының едәуір көлемі жеке құрылыс салушылар есебінен қамтамасыз етілді.

2022-2024 жылдары жеке компаниялар есебінен 1047 пәтерлік 25 үй салынды.

Бүгінгі таңда 56 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр.

Сондай-ақ бюджет есебінен 2025 жылы 10-шы шағын ауданда 60 пәтерлі үш тұрғын үйдің құрылысы аяқталады.

ЖЫЛУМЕН ЖАБДЫҚТАУ

Қонаев қаласы бойынша жылу желілерінің ұзындығы 58,4 км құрайды.

2023 жылы 2,4,5 ш/а жылумен жабдықтау жүйелерінің құрылысы басталып, 2024 жылы аяқталды

Қазіргі уақытта «Жылу орталығы» ШЖҚ МКК-де 4 қазандық ауыстырылуда

АУЫЗ СУМЕН ЖАБДЫҚТАУ

2024 жылы Қарлығаш және Гүлдер ш/а сумен жабдықтау және су бұру желілерін жаңғырту жұмыстары аяқталды.

№8-10 шағынаудандарда дәл осы жоба аяқталу сатысына жетті.

11 кәріз-сорғы станциясы күрделі жөндеуден өтуде.

КӨГІЛДІР ОТЫНМЕН ҚАМТУ

Қаланың бес шағынауданында (19, 20, Арна, Спутник, Рауан) газдандыру жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ Жаңа Іле алабында автоматтандырылған газ тарату станциясын және магистральдық газ желілерін салу жоспарлануда.

Қазіргі уақытта газға облыс орталығы мен оған іргелес елдімекендердің 6408 тұтынушысы қосылған. Оның ішінде 5499 пәтер, 27 кәсіпорын бар. Жалпы қала нысандарының газға қосу үлесі 42% құрайды (2022 жылы 25% — 3540 абонент).

АБАТТАНДЫРУ

Б.Соқпақбаев атындағы орталық саябақ, С.Сейфуллин көшесін, Жамбыл көшесіндегі жаяу жүргіншілер аймағы,Жеңіс саябағы, Скейт-парк, Кроссфит алаңы абаттандырылды.

Туризмді дамыту мақсатында №5 жағажайды абаттандыру жобасы аяқталды.

Сондай-ақ «Фридом Финанс Холдинг»инвестициялық қаражаты есебінен ұзындығы 1 км жағалаудың құрылысы аяқталды. Жоба сомасы 4,5 млрд. теңгені құрады.

Сонымен қатар Қонаев қаласын дамытудың Кешенді жоспары шеңберінде жалпы ауданы 62 га, ұзындығы 5 км-ден асатын «Қапшағай су қоймасының жағалауын абаттандыру» жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде.

Демалушылар арасында танымал, бірақ инфрақұрылымды жаңартуды қажет ететін №6 және №7 жағажайларды абаттандыру жоспарлануда.

2021 жылдан бастап «Аулаларды абаттандыру» жобасы іске асырылуда.

Жалпы 3 жыл ішінде 106 шақырым инженерлік және жол инфрақұрылымы (19 км жол, 61 км электр желілері, 26 км сумен жабдықтау және кәріз) жөнделді, 134 қалалық нысан (52 аула, 23 спорт алаңы, 10 саябақ пен сквер, 49 қасбет және көпқабатты үйлердің шатыры) абаттандырылды.

ЖАРЫҚ ЖҮЙЕСІ

Өткен жылдың өзінде қаланың негізгі көшелерінің бойында 1020 «ақылды шамдар» орнатылды. Бұл шамдар автоматты түрде қосылады және өшеді, сонымен қатар электр қуатын үнемдейді.

Жақын арада тағы 3500 осындай шам орнату жоспарлануда. Өткен жылы тротуарларда 284 сәндік шамдар, тағы 47-сі жаяу жүргіншілер көпірлерінде жаңартылды.

Тозған желілерді жаңғырту мақсатында 18, 19, 20, Спутник және Рауан шағын аудандарында трансформаторлық қосалқы станцияларға ағымдағы жөндеу жүргізілді. 8-10 шағын аудандарда 3 жаңа трансформатор орнатылып, тағы 4 трансформатор жөнделді, 8000 метр электр сымдары жаңартылды. Бұдан басқа, Арна, Гүлдер, Восточный, 8, 10, 12А, 12Б шағын аудандарында электрмен жабдықтаудың сапасы мен тұрақтылығын едәуір жақсартуға мүмкіндік беретін Орталық тарату пункті (ОАӨ) күрделі жөндеуден өтті.

«Алтын алма» саяжай алабында 3 трансформатор қойылып, көшелер бойына 510 жарықтандыру тіректері орнатылып, 47 шақырым электр желілері тартылды. №7 саяжай алабында 21 көшеге қызмет көрсететін РУ-04 жабдықтарының желілері ауыстырылды. Бұл шара электр энергиясының тұрақты жеткізілуін қамтамасыз етуге және желілердің тозуын азайтуға бағытталған.

Өткен жылы Энергетическая, Набережная көшелерінде, 1-5 шағынаудандарда және қалалық жағажайда көше жарығы орнатылды – барлығы 68 тірек. Мира, Октябрьская, Соболева, Қазыбек би, Гүлдер, Ақжол және МО-25 көшелерінде 70 шам орнатылды.

Биыл Қарлығаш, 12А, 12Б, Гүлдер, МО-25, Құрылысшы шағын аудандарында және Қонаев, Абай көшелерінде түнгі жарық бағаналарын орнату және сәндік шамдарды ауыстыру жалғасуда.

Рауан шағынауданында электр желілерін жаңғыртуға жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.

САЯЖАЙ АЛАПТАРЫН ДАМЫТУ

Строительная саяжайында электр желілері толығымен «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ға берілді, тұрғындар енді жарық тұтыну құнын бекітілген тариф бойынша төлейді. Су құбыры мен кәріз жүйесін салуға ЖСҚ әзірленуде. «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында көше жарығы орнатылып, футбол алаңы салынды.

№7 саяжай алабында ТҮКШ бөлімінің

иелігіне трансформаторлар, электр желілері мен су құбырлары беріледі. Бұл жарық пен судың жиі өшу мәселесін шешуге көмектеседі.

БІЛІМ

Қонаев қаласында 36 білім беру мекемесі жұмыс істейді, оның ішінде жалпы орта білім беретін мектептер – 14.

2022-2025 жылдар аралығында оқушылардың жалпы саны 1000-нан астам оқушыға өсті.

2 жаңа мектеп салынды және пайдалануға берілді:
* Инвесторлар есебінен: Қосқұдық ауылындағы 100 орындық орта мектеп (2023 жыл)
* Бюджет есебінен: Қонаев қаласындағы 900 орындық мектеп-лицей (2023 жыл).

Күрделі жөндеу және алдағы жылдарға арналған жоспарлар:
* Қ.Қайсенов ат. № 4 ОМ. күрделі жөндеуге жабылды, жоспарланған ашылуы – 2025 жылғы қыркүйек;
* А.Жұбанов ат. № 5 ОМ.
* №2 гимназия.

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ

Қонаев қаласы бойынша 2022-2024 жылдары 7130 жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде 3298 – тұрақты жұмыс орны. Қазіргі уақытта жұмыссыздық деңгейі 4,5% құрайды.

«2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» шеңберінде 2022-2024 жылдары 6628-ден астам азамат қамтылды, оның ішінде 3115 адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды.

Есептік кезеңде «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға 539 адам жіберілді, оқудан кейін 71 адам гранттар мен шағын несиелер түрінде мемлекеттен қолдау алды.

Әлеуметтік жұмыс орындарына 102 адам, Жастар практикасына 157 адам, қоғамдық жұмыстарға 1240 адам, Алғашқы жұмыс орнына 76 адам, Ұрпақтар келісімшарты 8 адам, Күміс жасқа 111 адам жіберілді.

Сондай-ақ қаланың Мансап орталығы 26 мәрте Бос орындар жәрмеңкесін өткізді, іс-шараға 400-ден астам адам қатысты. Айта кету керек, биыл 900 адамды тұрақты жұмыс орындарына орналастыру жоспарлануда.

ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫ

Қала ішінде, қала мен ауылдық округтер арасында барлық жолаушылар тасымалын «Қапшағай АТО» ЖШС жүзеге асырады. 2022 жылға дейін, яғни облыс орталығы мәртебесін алғанға дейін қалада тек 4 қалаішілік маршрут жұмыс істеді, сондай-ақ ескірген автобустар пайдаланылды. Содан бері жағдай айтарлықтай жақсарды.

Жаңа маршруттардың ашылуымен – 4 қала маңындағы және 1 қала ішіндегі – көлік қатынасы қолжетімді болды. 2023 жылы автопаркке 18-26 орындық 12 жаңа автобус қосылды, 2024 жылы 40 орындық тағы 2 автобус сатып алынды. Биыл тағы 5 автобус сатып алу жоспарлануда.

2022 жылдан бастап жол жүру құны өзгерген жоқ: картамен төлеген кезде – 80 теңге, қолма-қол ақшамен – 200 теңге.

ЖОЛ-КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ

Жол-көлік инфрақұрылымын дамытуға келетін болсақ: жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жол деңгейі 85% құрайды. Кешенді жоспар аясында Ақөзек, Сарыбұлақ және Қосқұдық ауылдарында жолдар ағымдағы жөндеуден өтуде. Өткен жылы 34 жаңа аялдама орнатылды, биыл тағы 16 аялдама орнату жоспарланған. Сондай-ақ автожолдарды күрделі жөндеу 8-10 шағынаудандарда жүруде, «Көшпенділер қаласына» апаратын жаңа жол салынуда.

МЕДИЦИНА

Шеңгелді ауылындағы дәрігерлік амбулаторияға күрделі жөндеу жүргізілді. Үш медициналық нысанның құрылысы жоспарлануда.

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Шеңгелді ауылында ирригациялық инфрақұрылымды қалпына келтіру және жаңғырту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.

. Суару желілерінің бір бөлігі мемлекет меншігіне қайтарылды, ал олардың бірінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

2025 жылғы көктемгі егіс науқаны аясында ауыл шаруашылығы өндірушілері 8 150,6 гектар жерге егін екті.

Дала жұмыстарын жүргізуге 67 бірлік техника, 10 сепкіш және 5 заманауи жоғары өнімді егіс кешені жұмылдырылды. 2024 жылы технопаркті жаңартуға ауыл шаруашылығы өндірушілері 153 млн теңгеге 10 бірлік техника сатып алды.

Су үнемдеу технологияларын енгізуге ерекше көңіл бөлінеді. Биыл Шеңгелді ауылындағы 14 шаруа қожалығы осындай технологияларды 1 200 гектарға пайдалануды жоспарлап отыр: 800 гектар — жаңбырлатып суару, 400 гектар — тамшылатып суару.

Осы шаралардың барлығы аграрлық секторды тұрақты дамытуға және өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.

БАСПАНАМЕН ҚАМТУ

Әлеуметтік осал топтағы 193 отбасыға пәтер кілті табысталды. Бұл көрсеткіш биыл тағы да жоғарылайды деп күтілуде.

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ

Үш бірдей мекеме өз жұмысын бастады: Күндізгі болу орталығы, Отбасын қолдау орталығы, Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығы ашылды.

Одан бөлек, жеке кәсіпкер есебінен аутизм диагнозы қойылған балаларға арналған оңалту орталығы ашылды.

Қалада мүгедектігі бар адамдардың бірлестіктері, көпбалалы аналар, ерекше балалардың ата-аналары бірлестіктері жұмыс істеп тұр. Жеке кәсіпкерлер емдік денешынықтыру бағытында орталықтарды ашып, қоғамға үлкен еңбек сіңіріп келеді.

Tags: Басты жаңалықтарҚонаев қаласы

Ұсынымдар

Фото: Alataunews.kz/Дамир Нұрқасым

Кеген ауданында 280 келі сирек кездесетін ағаш тұқымы егілді

13.06.2025
Фото: Қонаев қаласының әкімдігі

Қонаевта тағы бір сквер пайда болады

13.06.2025

Қонаевта кәріз-сорғы станцияларын жаңғырту жұмыстары жалғасуда

13.06.2025

Қонаевта сасық иіс: қала әкімі жауап берді

13.06.2025

Жақсылық жасап жарысқан жастар: Алматы облысы үздіктер қатарында

13.06.2025

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

13.06.2025
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Аймақ
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
  • Жұмысшы мамандықтар жылы
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Ақтөбе облысы
    • Ақмола облысы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Батыс Қазақстан облысы
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Қарағанды облысы
    • Қостанай облысы
    • Қызылорда облысы
    • Маңғыстау облысы
    • Павлодар облысы
    • Солтүстік Қазақстан облысы
    • Түркістан облысы
    • Ұлытау облысы
    • Шымкент қаласы
    • Шығыс Қазақстан облысы
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
    • Инфографика
    • Фотогалерея
    • Аудиожазба
    • Бейнеролик
  • Жұмысшы мамандықтар жылы
  • Рус

© 2022-2024 www.alataunews.kz