Қызыл түске боялған Каспий теңізінің кадрлары әлеуметтік желілерде таралды. Жағалаудың ерекше көрінісі аймақ тұрғындары мен қонақтарын бей-жай қалдырмады.
Мұны Ақшұқыр ауылының тұрғындары да байқады.
Бұл құбылыс жыл сайын болады. Диатомды балдырлар суға осындай түс береді. Бұған температураның қатты айырмашылығы да әсер етеді. Экология үшін бұл зиянсыз«, — деп сендірді сарапшы Кирилл Осин.
Маңғыстау облысының Экология департаментінің мамандары тіпті су қоймасына қауіп төндірмейтініне көз жеткізу үшін су сынамаларын алды.
«Маңғыстау облысының экологтары ағымдағы жылдың 12 ақпанында Каспий теңізінің қызыл түсіне байланысты теңіз суының сынамасын алды. Зерттеу аясында теңіз суының құрамында химиялық заттар мен мұнай өнімдерінің болуына немесе болмауына талдау жасалады. Нәтиже қосымша хабарланады. Айта кетейік, мұндай құбылыс бар кадрлар жыл сайын әлеуметтік желілерде таралады», — деп хабарлады ведомство.
Балдырлардың гүлденуі сирек емес. Бұған дейін аймақ экологтары диатомдар суға қызыл реңк беретінін айтқан. Олар зиянсыз және балықтар үшін қауіпсіз. Бұл табиғи процесс.