-12 °c
Qonaev
Сенбі, Қаңтар 28, 2023
  • Рус
Alataunews.kz
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Alataunews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

Кеген ауданына Қырғызстанның министрі келді

Қырғызстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрі Асқарбек Жәнібеков шекара асып, Алматы облысы аудандарын аралап қайтты.

Ақерке Жұмағазықызы
29.10.2022
Аймақ
WhatsAppTelegramFacebookTwitter

Министр Қазақстан агроөнеркәсібіндегі тәжірибемен танысу үшін Кеген ауданы Тасашы ауылдық округіндегі «Казмясо» ЖШС-не ат басын бұрды.

Шетелдік министрден бөлек, серіктестіктің тыныс-тіршілігімен облыс әкімінің орынбасары Рауан Рақымбеков, облыстық ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Дастан Құдабаев, Кеген ауданының әкімі Талғат Байедилов танысты.

«Біздің шаруашылықта Абердин Ангус асыл тұқымды етті ірі қара малы өсіріледі. Мұнда жалпы саны 5000 іріқара бар. Оның ішінде 2500 басы – сиыр. Биыл олардан 1200 бұзау алдық», – деді мал шаруашылығы басшысы Төлеген Бозжанов.

Оның айтуынша, бұл жердегі іріқара мал Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Қырбалтабай ауылдық өңіріндегі бордақылау алаңына жеткізіліп, семірген мал шетінен сойылады. Ары қарай ет өңдеу комбинаттарына жөнелтіледі. Бірнеше өндірістік кезеңнен өткен шұжық, туралған ет сияқты дайын өнімдер тұтынушыларға жол тартады.

«Серіктестіктің 4273 га егістік, 920 га шабындық, 11082 га жайылым жері бар. Мұнда 70 адам еңбекпен қамтылған. Олардың орташа еңбекақысы – 150 мың теңге», – деді шаруабасы.

Шаруашылықтың жұмысымен танысқан мамандар Төлеген Бозжановқа сәттілік тілеп, алғыс айтты.

Тегтер: Кеген

Ұсынымдар

Фото: Аслан Қажеке

Марғұлан Сейсембаевтың Талғар ауданындағы жобасы неге іске аспай қалды? – Cұлтанғазиевтің пікірі

28.01.2023

Өткен тәулікте 59 адамнан коронавирус анықталды

28.01.2023

Риддерде әйел 2 жасар баласын балконнан құлатып алды

28.01.2023

Қазақстанда құбыжық бейнесіндегі ойыншық сатылымына шектеу қойылуы мүмкін

28.01.2023

Шымкентте бірнеше шенеунік қамауға алынды

28.01.2023

Балқаш ауданының дәнді дақылдар өнімін арттыруға ғалымдар араласатын болды

27.01.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz