-12 °c
Qonaev
Сенбі, Қаңтар 28, 2023
  • Рус
Alataunews.kz
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Alataunews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

Кеген, Ұйғыр, Райымбек аудандарында заңды қоқыс полигондары жоқ

Мұны еліміздің ҚР Экология министрі Серікқали Брекешев Алматы облысы тұрғындарымен кездесуінде айтты.

Ақерке Жұмағазықызы
28.10.2022
Аймақ
WhatsAppTelegramFacebookTwitter

«Өңірдегі өзекті мәселенің бірі – қатты тұрмыстық қалдықтардың (ҚТҚ) өңделуі. Осы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша қоқысты қайта өңдеу және кәдеге жарату үлесі 15,9%-ды құрады. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 17,6% жоғары. Биыл космомониторингтің көмегімен өңірде 340 полигон анықталды. Оның 53%-ы (180 полигон) жойылды», – деді министр.

Серікқали Брекешевтің сөзіне сүйенсек, қоқыс үйінділерінің пайда болу себебі – ҚТҚ заңдастырылған полигондарының болмауы. Қоқыстарды арнайы аймаққа орналастырудың 131 объектісінің тек 7-і (5,3%) экологиялық және санитарлық нормаларға сәйкес келеді. Бұл – төмен көрсеткіш. Тіпті, Кеген, Ұйғыр, Райымбек аудандарында бірде-бір заңдастырылған қоқыс полигондары жоқ.

Министр аталған проблемаларға байланысты облыс әкімдігіне коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламаны әзірлеуді және бекітуді, шағын және орта бизнес субъектілерін осы салаға белсенді тартуды ұсынды.

Сонымен қатар ҚР Экология министрі республика көлемінде қолға алынған шаралар жайында сөз етті:
• қалдықтарды басқару саласындағы кәсіпкерлік субъектілерінің тізімі жасалады;
• қоқыспен жұмыс істеуге қойылатын талаптарды бұзғаны үшін айыппұл көлемі ұлғайтылды (жеке тұлғаларға 10 АЕК-тен 50 АЕК-ке);
• ҚР заңнамасына сәйкес құрғақ және дымқыл қалдықтарды бөлек жинауға қойылатын талаптар белгіленді.

Тегтер: қоқысполигон

Ұсынымдар

Өткен тәулікте 59 адамнан коронавирус анықталды

28.01.2023

Риддерде әйел 2 жасар баласын балконнан құлатып алды

28.01.2023

Қазақстанда құбыжық бейнесіндегі ойыншық сатылымына шектеу қойылуы мүмкін

28.01.2023

Шымкентте бірнеше шенеунік қамауға алынды

28.01.2023

Балқаш ауданының дәнді дақылдар өнімін арттыруға ғалымдар араласатын болды

27.01.2023
Фото: Аслан Қажеке

Шенеуніктердің тиімсіз жоспарлауы салдарынан бірқатар жобалар уақытылы іске аспай, ал қаржы игерілмей жатыр – Cұлтанғазиев

27.01.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz