-12 °c
Qonaev
Сенбі, Қаңтар 28, 2023
  • Рус
Alataunews.kz
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Alataunews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

Кіші Алматы өзенінің жоғары бөлігі мемлекет меншігіне қайтарылуы мүмкін

Бүгін Медеу ауданы тұрғындарымен кездескен Алматы әкімі Ерболат Досаев мегаполистегі парктер мен демалыс орындарының құрылысы туралы айтты.

Ғалия Мұхамбетқызы
08.12.2022
Аймақ
WhatsAppTelegramFacebookTwitter

Мегаполис басшысының сөзінше, қазір Кіші Алматы өзенінің Тереңқұр су айдынының жоғарғы бөлігін мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Қоғамдық кеңістіктерді дамыту аясында Кіші Алматы өзенінің Тереңқұрдағы су айдынының жоғарғы бөлігін мемлекет меншігіне қайтару процедурасы жүргізіліп жатыр. Балансқа қабылданғаннан кейін бөгетті нығайту және алматылықтардың сүйікті орындарының бірінің аумағын абаттандыру бойынша жеке жоба әзірленеді. Жобалау-сметалық құжаттама 2023 жылдың III тоқсанында аяқталады», – деді Ерболат Досаев.

Сонымен қатар ол жаяу жүретін белгілі жолдарға ерекше назар аударылғанын атап өтті.

«Бүгінгі күні «Көктөбе» саябағында қала тұрғындары мен қонақтары жолдың бойымен жүруге мәжбүр. Бұл – адамдарға қолайсыз және қауіпті. Тұрғындардың өтінішін ескере отырып, келесі жылдың III тоқсанында жаяу жүретін адамдарға «денсаулық жолы» салынады», – деді қала әкімі.

Ерболат Досаевтің айтуынша, биыл 2 скверді жаңарту жұмыстары аяқталады. Оның ішінде Оқушылар сарайы мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік музейінің жанындағы скверлер бар. Фонтандар жаңартылып, жарық пен шағын сәулеттік нысандар орнатылды.

Бұдан бөлек, келесі жылы Мемлекеттік музейдің оңтүстігінде «Журналистер» алаңын және ондағы суару жүйесін жаңарту жұмыстарын бастау жоспарда.

«Маусымда өткен кездесу барысында Алатау шағын ауданында скейт-парк жасау мәселесі көтерілді. Жұмыстар Ибрагимов көшесіндегі сквердің құрылысы кезінде, яғни 2023 жылдың II тоқсанында жүргізіледі», – деді Алматы басшысы.

Тегтер: ерболат досаевөзен

Ұсынымдар

Өткен тәулікте 59 адамнан коронавирус анықталды

28.01.2023

Риддерде әйел 2 жасар баласын балконнан құлатып алды

28.01.2023

Қазақстанда құбыжық бейнесіндегі ойыншық сатылымына шектеу қойылуы мүмкін

28.01.2023

Шымкентте бірнеше шенеунік қамауға алынды

28.01.2023

Балқаш ауданының дәнді дақылдар өнімін арттыруға ғалымдар араласатын болды

27.01.2023
Фото: Аслан Қажеке

Шенеуніктердің тиімсіз жоспарлауы салдарынан бірқатар жобалар уақытылы іске аспай, ал қаржы игерілмей жатыр – Cұлтанғазиев

27.01.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz