Бұл шешім жергілікті тұрғындардың шағымынан кейін қабылданған.
Желіде жарияланған бейнежазбада сусындар шығаратын зауыттың лас ағынды суды іргедегі көлге тікелей ағызатыны туралы дерек айтылған. Бұл жағдай қоғамда үлкен алаңдаушылық тудырды.
Алматы облысы әкімдігінің хабарлауынша, 16 сәуір күні оқиға орнына экология департаменті мен табиғатты қорғау полициясы өкілдері барып, тексеру жұмыстарын бастаған.
«Қарасай ауданында RG Brands компаниясының тарапынан ағынды сулардың ағызылуына байланысты тексеру басталды», – деп нақтылады әкімдік өкілдері.
Фото: alataunews.kz