Келіссөздерге Zhuhai Shixi Technology Co., Ltd, Wanjia Hotel Group Co., Ltd және AT Partner Company сынды жоғары технологиялар мен туризм салаларындағы бірлескен жобаларға қызығушылық танытып отырған ірі кәсіпорындардың басшылары қатысты.
Тараптар Алматы облысының табиғи жауһары – Көлсай өңірінде аспалы жолдар салу жобасын егжей-тегжейлі талқылады. Кездесу нәтижесінде инфрақұрылымды дамыту және экологиялық туризм саласындағы ынтымақтастықты көздейтін өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
Мұнай-газ секторына инвестиция тарту мәселесінде негізгі әріптес ретінде Jinxiang Investment Group компаниясы белгіленіп, оны директорлар кеңесінің төрағасы Хуан Сян Мяо таныстырды. Сонымен қатар кездесуге қазақстандық «Слава Мұнай» ЖШС өкілдері де қатысты.
Энергетика саласы да күн тәртібіндегі маңызды тақырыптардың бірі болды. Жасыл энергетика бағытындағы ықтимал әріптестік Ronghao Energy (басшысы Эрик Гао) және Zhongtai Group компанияларының қатысуымен талқыланды.
Кездесу аясында зияткерлік жүйелер, өнеркәсіптік автоматтандыру және технологиялар саласында ұсыныстар алмасу ұйымдастырылды. Бұл бағыттағы талқылауға Jiangsu Slenline Intelligent Systems, Leng Dengke, Gaosongжәне Helong Explosion компанияларының өкілдері қатысты.
Агроөнеркәсіптік кешенге келер болсақ, Алматы облысының ауыл шаруашылығына зор қызығушылық танытқан компаниялардың бірі – Қытай нарығындағы жаңғақ пен снек өнімдерінің ірі дистрибьюторы Three Squirrels Co., Ltd. Кездесу барысында компания атынан Пан Даовэй сөз сөйледі.
Сапар қорытындысында облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев Алматы облысының шетелдік инвестициялар үшін ашық екенін, шетелдік серіктестерге қолайлы жағдай жасалатынын және жобаларды іске асырудың барлық кезеңінде кешенді қолдау көрсетілетінін атап өтті.