«Біздің ойымызша, денсаулық сақтау – ел дамуының негізгі тіректерінің бірі. Сондықтан жедел жәрдем көліктерін сыйлау арқылы біз өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымын нығайтуға өз үлесімізді қосқымыз келеді»,– деді компанияның басқарушы директоры Алексей Сердюков.
Өз сөзінде Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Сүлейменов компанияға шынайы алғысын білдірді:
«Сіздер өнім сапасымен ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік жауапкершілікті терең түсіну арқылы да халық игілігі үшін еңбек етіп келе жатқандарыңызды көрсеттіңіздер. Бұл – бизнестің қоғаммен қарым-қатынастағы жауапты әрі оң көзқарасының айқын көрінісі. Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасы, облыс әкімдігі және барлық өңір тұрғындарының атынан алғыс айтамын. Сеніміміз зор – бұл игі іс өзге де ірі компанияларға үлгі болады», – деді ол.
Айта кетейік, «Маревен Фуд Тянь-Шань» компаниясы Қазақстанда 2015 жылы тіркеліп, 2018 жылы Қонаев қаласы маңында заманауи өндірістік-логистикалық кешенін іске қосты. Бүгінде компания Қазақстандағы азық-түлік өндіруші жетекші 10 компанияның қатарына кіреді.
Компания өндіріс барысында негізінен отандық шикізатты пайдаланып, барлық өнімдерін Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптары мен стандарттарына толық сәйкестікпен шығарады.