11 °c
Qonaev
Сенбі, Наурыз 25, 2023
  • Рус
Alataunews.kz
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Alataunews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

Марғұлан Сейсембаевтың Талғар ауданындағы жобасы неге іске аспай қалды? – Cұлтанғазиевтің пікірі

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев 2022 жылды қорытындылауға арналған отырыс кезінде әйгілі инвестор Марғұлан Сейсембаевтың Талғар ауданы Панфилов ауылы жанынан салмақ болған құс етін өндіретін зауыты және басқа да бірнеше жобаның іске аспай қалу себебін айтты.

Қатира Мағдатқызы
28.01.2023
Аймақ
Фото: Аслан Қажеке

Фото: Аслан Қажеке

WhatsAppTelegramFacebookTwitter

Оның пайымдауынша, инвесторлардың тұрақтамауына шенеуніктер жұмысындағы жүйесіздік себеп.

«Жобалар келеді. Россиядан келеді, басқа жақтан келеді. Бәрінің сұрайтыны жер, кішкене ғана көмек. Оған анау жоқ, мынау жоқ деп… Сонымен ең ақыры бұрылады да, кетіп қалады. Басқа облысқа кетеді. Өткенде Талғар ауданында болды ғой. Сейсембаев Марғұлан «Панфилов ауданында тауық фермасын салам» деді. Жерін өзі сатып алған, кейін оған «өндіріс сасиды, ауылға жақын салуға болмайды» деді. Түсіндіру жұмысы жүргізілмеген, халықпен жұмыс жасалмаған. Ең құрығанда жерді ауыстырып, басқа жер беруге болатын еді ғой. Енді ол бәрін тастады да, Жамбыл облысына кетіп қалды. Болды. Бүкіл әкімдіктің жұмысы осы. Бұлай жұмыс істеуге болмайды. Келген адамды күтіп алу керек. Жұмыстың шаңын қағып, жұмысын беру керек», – деді Марат Сұлтанғазиев.

Айта кетейік, 2022 жылдың 28 желтоқсанында Алматы облысының әкімдігі Панфиловта құс етін өндіретін зауыттың салынбайтыны туралы хабарлады. Мәлімдемеде Алматы облысының жер қатынастары басқармасы мамандары тексергенде жер учаскесін кәсіпкерге беру кезінде заңды бұзу фактілерін анықталғаны, сәйкесінше тиісті материалдар сотқа берілетіні айтылды.

Естеріңізде болса, Марғұлан Сейсембаев Талғар ауданы Панфилов ауылы маңынан құс етін өндіретін зауыт салу жұмыстарын осыдан екі жыл бұрын бастаған. Алайда, бұл туралы бұрын-соңды естімеген жергілікті тұрғындар наразылық танытты. Олар зауыттың ауылға тым жақын салынып жатқанын, салдарынан өндіріс кезінде шығатын жағымсыз иіс ауылға жайылатынын алға тартқан еді.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Alatau News (@alataunews.kz)

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарМарат СұлтанғазиевМарғұлан СейсембаевТалғар

Ұсынымдар

2024 жылы Өтеген батыр ауылында Мәдениет үйі қолданысқа беріледі

24.03.2023

Алматы облысында халықты жайылым жермен қамтамасыз ету үшін комиссия құрылады

24.03.2023
Фото: Аслан Қажеке

Марат Сұлтанғазиев «Береке» аймағын инженерлік желімен қамтуды тапсырды

24.03.2023
Фото: polisia.kz

Жетісу облысында заңсыз аңшылықпен айналысқан азаматтан қару тәркіленді 

24.03.2023

Шарын ұлттық саябағында Sharyn визит-орталығы ашылды

24.03.2023

«Qnet» қаржы пирамидасын құрған күдікті ұсталды

24.03.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
ZERO.kz

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz