«Қарасай ауданының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы кәсіпкерге лицензия беруден негізсіз бас тартқан. Кәсіпкер квас шығаратын цех салмақ болған. Ал басқарма мамандары кәсіперден лицензия алуға өтінімді бірнеше рет қайтарып алуды сұраған», – деп жазды Антикор.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, басқарма аталған жайтты мамандар жетіспеушілігімен және жұмыс көлемінің көптігімен байланыстырған.
«Сәуір айынан бастап цех басшысы нысанды жалға алып, шығынға ұшыраған. Сонымен қатар ол нағыз квас сатылымы көбейетін уақытта саудамен айналыса алмай, кірісін жоғалтты. Біздің департамент араласқан соң мәселе шешіліп, лицензия берілді. Кәсіпкердің құқығы қорғалды», – делінген хабарламада.