Еріктілер кеңесі қайырымдылықты қолдауды көздейді және олардың басты мақсаты мемлекеттік қызметшінің оң бейнесін қалыптастыру.
«Еріктілер кеңесінің негізгі міндеті»- мемлекеттік қызметшілер арасында волонтерлық қызметті үйлестіру, бұл бағытта заңды тұлғалармен мемлекеттік мекемелер арасындағы өзара іс қимылды қалыптастыру. Мемлекеттік қызметшілердің волонтерлық қызмет саласында мемлекеттік саясатын жүзеге асыру.
Осы бағытта, 2025 жылдың 15 мамырында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті Еріктілер кеңесінің мүшелерімен Қонаев қаласының орталық саябағында 20-ға жуық құс үйшігін орнатты.
«Волонтер болу кез келген адамның қолынан келеді, бірақ бұл арада ескеретін өзіндік ерекше міндеттер мен талаптар бар. Волонтер үшін адамгершілік, өнеге дегендей адами қасиет бос сөз емес. Ол гуманитарлық, әлеуметтік, экологиялық жобаларға көзбояшылық мақсатта емес, шынайы тандауымен, жанқалауымен қатысып, бастаған жұмысын аяғына дейін жеткізуге дайын әрі мүдделі болуы тиіс деген пікірдеміз», — деп атап өтті мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Мадияр Болатұлы Исебаев.
Бұл акция табиғатты қорғауға және алуан түрлілікті сақтауға бағытталған. Құстар үшін қолайлы жағдай жасай отырып, бұл бастама экологиялық мәдениетті арттырып, жас ұрпақты табиғатқа ұқыпты қарауға шақырады.