Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Облыстағы саяжайлар мәселесін «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы арқылы шешуге болады – Алтай Көлгінов

Бүгін Алматы облысына іссапармен ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгінов келді.

07.04.2023
Аймақ

Қонаев қаласында облыс әкімінің, әкімдіктегі басқарма басшыларының қатысумен өңірдің дамуы және өзекті мәселелері талқыланған жиын өтті.

Ең алдымен өңір басшысы Алтай Көлгіновке саяжай мәселесін жеткізді. Себебі, облыста барлығы 674 саяжай бар, мұнда 183 мың адам тұрақты мекен етеді. Саяжайларда инфрақұрылымдық желі дамымаған, Алматы қаласына қатынайтын қоғамдық көлік мәселесі шешілмеген.

«Мұндағы ең өзекті мәселелер: елді мекен статусының берілмеуі, жерлердің ауыл шаруашылығы мақсатында болуы, әлеуметтік нысандардың салынбауы, электр энгергиясымен және ауыз сумен жабдықтау тарифтерінің бекітілмеуі, инфрақұрылымдық желіні тарту мүмкіндігінің аздығы», — деді баяндамасында облыс әкімінің орынбасары Нұржан Құдайбергенов.

Әкім орынбасарының сөзінше, қазіргі таңда аталған мәселелерді шешу үшін 270 саяжайды жақын маңдағы елді мекендерге қосу мәселесі қаралып жатыр. Сондай-ақ Алматы агломерациясында орналасқан саяжайлардың бас жобалары әзірленіп, бекіту жоспарланып отыр.

«Кейбір саяжайлар ауылдардың жанында орналасса, кейбірі ауыл ортасында қалып қалған. Сондықтан елдімекен статусын беруді жөн көріп отырмыз», — деді Марат Сұлтанғазиев.

Мәселені тыңдаған ҚР Премьер-Министрінің орынбасары саяжай мәселесін «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы бойынша шешуді ұсынды.

«Бұл аумақтарда халық тұрақты қоныстанған. Сондықтан облыстың кешенді жоспарына бұл мәселені енгізу қажет. Сонымен қатар қала құрылысы жобаларын қайта қарастыру керек. Өйткені, елдімекенге қосу кезінде тұрғындар міндетті түрде жері үшін өтемақы сұрайды. Саяжайлардың мәселесін «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы арқылы да шешуге болады», — деді Алтай Көлгінов.

Тегтер: Алматы облысыАлтай КөлгіновБасты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында референдум күні азаматтарды тіркеу сервистері іске қосылады

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Мен болашақ үшін дауыс беремін!

Мөлдір Иманмади
04.03.2026

Министр: жаңа Конституция қабылданса, мемлекеттік мереке күні өзгереді

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Талғар ауданында шинкиокушинкай каратэден облыс чемпионаты өтті

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Алматы облысында парашаңғыдан чемпионат өтті

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz