Биылғы додаға 18 елден 2 050 спортшы қатысады. Олардың қатарында Үндістан, Франция, Италия, Ұлыбритания, Біріккен Араб Әмірліктері және Малайзиядан келген спортшылар бар.
Жарыс бес түрлі қашықтық бойынша өтеді:
-
OCEANMAN (10 км) – 300 қатысушы
-
HALF OCEANMAN (5 км) – 400 қатысушы
-
SPRINT (2 км) – 800 қатысушы
-
OCEANKIDS (500 м) – 500 бала
-
OCEANTEAM (эстафета 3×500 м) – 90 адам
Биылғы шарада ерекше күтімді қажет ететін балаларға арналған INSPIRATION санатына айрықша назар аударылды. Бұл санатта 15 бала өз қамқоршыларымен бірге суға түсіп, жарысқа қатысады. Олардың арасында Қазақстандағы алғашқы OCEANMAN қатысушысы, заңгер Ержан Есимханов та бар. Бүгінде ол ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдап, олардың спортқа араласуына үлес қосып келеді.
– OCEANMAN – бұл тек спорттық жарыс емес, бұл – бірлік, инклюзия және рухтың мықтылығын көрсететін шара. Мұндай ауқымды, әрі баршаға ашық жарыстың Алматы облысында өтуі біз үшін үлкен қуаныш, – деді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Рахман Шахарбек.
Жарыс Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен өтеді. Биыл алғаш рет шетелдік қонақтар үшін Culture Day – Қазақстанның мәдениеті мен дәстүрімен танысу күні ұйымдастырылады.
Жарыс Heaven Club демалыс аймағында өтеді. OCEANMAN-2025 жарысы халықаралық деңгейдегі маңызды спорттық оқиға ретінде өңірдің туристік әлеуетін арттыруға да ықпал етеді.