11 °c
Qonaev
Вторник, 8 июля, 2025
  • Рус
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Ақтөбе облысы
    • Ақмола облысы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Батыс Қазақстан облысы
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Қарағанды облысы
    • Қостанай облысы
    • Қызылорда облысы
    • Маңғыстау облысы
    • Павлодар облысы
    • Солтүстік Қазақстан облысы
    • Түркістан облысы
    • Ұлытау облысы
    • Шымкент қаласы
    • Шығыс Қазақстан облысы
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
    • Инфографика
    • Фотогалерея
    • Аудиожазба
    • Бейнеролик
  • Жұмысшы мамандықтар жылы
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Ақтөбе облысы
    • Ақмола облысы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Батыс Қазақстан облысы
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Қарағанды облысы
    • Қостанай облысы
    • Қызылорда облысы
    • Маңғыстау облысы
    • Павлодар облысы
    • Солтүстік Қазақстан облысы
    • Түркістан облысы
    • Ұлытау облысы
    • Шымкент қаласы
    • Шығыс Қазақстан облысы
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
    • Инфографика
    • Фотогалерея
    • Аудиожазба
    • Бейнеролик
  • Жұмысшы мамандықтар жылы
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Home Аймақ

Қонаевта «Oceanman» жарысы өтті

«Oceanman Kazakhstan – 2025» Қонаевтағы "Heaven Club" демалыс базасында басталды, деп хабарлайды Alataunews.kz.

by Мөлдір Иманмади
06.07.2025
in Аймақ, Алматы облысы, Жаңалық

Биылғы жылы жүзудің бес түрі бойынша әлемнің 18 еліен 2 мыңнан астам спортшы қатысуда, оның ішінде Үндістан, БАӘ, Франция, Кувейт, Италия, Латвия, Ұлыбритания, Испания, Малайзия, Германия және Венгрия елдері бар. Қапшағай көлі жағалауына жанкүйерлермен қоса 3 мыңнан астам адам жиналды.

Жарыстың салтанатты ашылуында құрметті қонақтар қатарында Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, «Oceanman» франшизасының иесі Фермин Эгидо, сондай-ақ бас ұйымдастырушы, «Oceanman Kazakhstan» франшизасының иесі Ералы Оралов болды.

«Құрметті спорт сүйер қауым! Құрметті қатысушылар! Бұл танымал халықаралық байқау облысымызда осымен төртінші рет өтуде. «Oceanman Kazakhstan» жарысы алғаш рет 2022 жылы басталды. Аталған дода барлық жас санатындағы халық арасында бұқаралық спортты насихаттау мен дамытуда маңызды рөл атқаратынын анық көрсетті. Бұл біз үшін үлкен спорттық және мәдени оқиға. «Oceanman» байқауы жыл сайын әлемнің ең әдемі табиғи орындарында өтеді. Олардың қатарына Қапшағай су қоймасы да кіреді. Дәл осындай ауқымды шаралар болашақта жоғары санатты спортшыларды дайындап, тәрбиелеуге септігін тигізеді, сонымен қатар өңірімізде де, Қазақстанда да туризм мен спортты дамытуға қосымша серпін береді деп ойлаймын. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген қатысушылар «Oceanman Қазақстан» жарысынан ерекше әсер алып қайтатынына сенімдімін. Барлық қатысушыларға сәттілік пен жеңіс тілеймін!», — деді облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев.

Жүзу жарысы бес қашықтықта өтеді:

OCEANMAN 10 км – 300 қатысушы

HALF OCEANMAN 5 км – 400 қатысушы

SPRINT 2 км – 800 қатысушы

OCEANKIDS 500 метр – 500 қатысушы

OCEANTEAM эстафетасы 3х500 метр – 90 қатысушы

«Жарысқа кәсіпқойлар да, әуесқойлар да қатысады. Жаңадан бастаушылар үшін — қысқа, ал тәжірибелі спортшылар үшін ұзағырақ қашықтық қарастырылған. Дайындық жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Жалпы қазақстандықтар —  қонақжай халық. Осындай ауқымды жарысты өткізуге қолдау көрсеткені үшін Алматы облысы әкімдігіне, бас демеушілерге алғыс айтамын. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер биыл желтоқсан айында Дубайда өтетін әлем чемпионатына қатысады», — деді «Oceanmen» франшизасының иесі Фермин Эгидо.

Қапшағай су қоймасындағы судың температурасы жүзушілер үшін өте қолайлы болды.  Қатысушыларды моторлы қайықтарда, реактивті шаңғыларда және байдаркаларда арнайы құтқару қызметтері қадағалап жүрді.

 «Биылғы жылдың маңызды ерекшелігі — жүзуден INSPIRATION санатындағы 15 баланың қатысуы. Бұған дейінгі жарыста да осы санатта жүзушілер болған, бірақ бұл жолы ерекше қажеттіліктері бар балалардың әрқайсысының қамқоршысы бар. Айта кету керек, INSPIRATION санатындағы қатысушылардың қасында тәжірибелі спортшылар бірге жүреді. Мұндағы қауіпсіздікті кәсіби құтқарушылар қадағалайды. Бізде Төтенше жағдайлар министрлігінің 22 жүзу кемесі мен 4 үлкен қайығы бар. Волонтерлар әр бұрылыста қатысушыларға сусындар ұсынып, олардың әрі қарай жүзуіне жағдай жасайды», — деді жарыстың бас ұйымдастырушысы, «Oceanman Kazakhstan» франшизасының иесі Ералы Оралов.

10 шақырымдық жүзуден бақ сынауға келген Гарвард университетінің оқытушысы, үндістандық Айша Мансухани күш пен рухты сынауға бірегей мүмкіндік бергені үшін ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.

«Мен Қазақстанға алғаш рет келіп отырмын. Бұл елдің табиғаты мен халқының қонақжайлылығы тәнті етті. Өткен жылы Италияда өткен жүзу жарысына қатыстым. Биыл мүмкіндігінше көп елдерге барғым келеді. «Oceanman» жарысы бәсекеге толы. Сондықтан бұл додада мықтылар ғана жеңіске жетеді»,- деді Аиша Мансукхани

Жарыстың бірінші күні қатысушылар 10 және 5 шақырымға жүзуден жарысты. Ал екінші күні SPRINT, OCEANKIDS және OCEANTEAM қашықтықтары бойынша бақ сынайды.

Tags: OCEANMANАлматы облысының жаңкалықтарыБасты жаңалықтарҚапшағайҚонаев

Ұсынымдар

Фото: ашық дереккөзден

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

08.07.2025

Алматы облысының Жамбыл ауданында екі жаңа медициналық нысан ашылды

08.07.2025

АҚШ Қазақстан тауарларына баж салығын енгізетінін жариялады

08.07.2025

Алматы облысында балабақшаларға арналған электрондық табельдеу жүйесі енгізілді

08.07.2025

Алматы облысында жасырын есірткі зертханасы әшкереленді

07.07.2025

Конаевтық жас жүзгіш Дубайда өтетін финалға жолдама алды

07.07.2025
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Аймақ
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
  • Жұмысшы мамандықтар жылы
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Ақтөбе облысы
    • Ақмола облысы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Батыс Қазақстан облысы
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Қарағанды облысы
    • Қостанай облысы
    • Қызылорда облысы
    • Маңғыстау облысы
    • Павлодар облысы
    • Солтүстік Қазақстан облысы
    • Түркістан облысы
    • Ұлытау облысы
    • Шымкент қаласы
    • Шығыс Қазақстан облысы
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
    • Инфографика
    • Фотогалерея
    • Аудиожазба
    • Бейнеролик
  • Жұмысшы мамандықтар жылы
  • Рус

© 2022-2024 www.alataunews.kz