Дөңгелек үстел «Қазақстан Республикасында фитосанитарлық қауіпсіздік пен фитосанитария саласындағы ғылымды дамыту үшін нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру» тақырыбына арналды. Жиынға осы бағыт бойынша құзыретті органдар қатысты.
Олар: Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының «Парламентаризм институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын мамандары, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжіліс депутаттары, «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Қазақстан фермерлер одағы, Қазақстан далашаруашылық одағы, Мемлекеттік инспекция комитеті, Ұлттық аграрлық ғылыми білім беру орталығы, Ұлттық аграрлық ғылым академиясының өкілдері және т.б.
Іс-шараның мақсаты – қолданыстағы заңдарға: «Өсімдіктер карантині туралы заң», «Өсімдіктерді қорғау туралы заң», және «Тұқым шаруашылығы туралы заң» бойынша нормативтік-құқықтық актілерге енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды талқылау.